Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің келесі кезеңін құптады

АҚШ Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің келесі кезеңін құптады

|

|

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресей мен Украина арасындағы үшінші келіссөз кезеңінің Стамбулда өтетіні жөнінде хабардар екенін мәлім деп, қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған күш-жігерді қолдайтынын білдірді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Тэмми Брюс 22 шілде күні өткен брифингте хабарлады.

«Үшінші келіссөз кезеңінің жоспарланғаны бізге белгілі. Біз екі тарапарасындағы тікелей диалогты қолдаймыз. Қарулы қақтығысты бейбіт жолмен шешу – басты міндет. Бұл бағыттағы кез келген нақты қадамды құптаймыз», – деді Тэмми Брюс.

Оның айтуынша, кездесулер осы аптада Стамбулда өтеді.

Бұдан бөлек, АҚШ тарапы келіссөздердің барысы мен нәтижесіне қарап, Трамп әкімшілігі жариялаған мерзім аясында қақтығысты реттеу мүмкіндігіне баға беретінін жеткізді. 

Еске салайық, биыл 14 шілдеде АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдай бойынша бейбіт келісім 50 күн ішінде жүзеге аспайтын болса, Ресейге қарсы «қатаң шаралар» қабылданатынын мәлімдеген.

Ресей мен Украина арасындағы алғашқы екі келіссөз кезеңі 16 мамыр мен 2 маусым күндері Стамбулда өткен. Ресей делегациясын Президент Владимир Путиннің мәдениет және тарихи ағарту мәселелері жөніндегі көмекшісі Владимир Мединский басқарған. Ол 2022 жылы да келіссөз тобына жетекшілік еткен.

Мемлекеттік департаменттің ресми мәлімдемесінде АҚШ тарапы тараптардың ашық әрі сындарлы диалог орнатып, атысты тоқтату жөнінде нақты уағдаластыққа келуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, гуманитарлық ахуалға қатысты мәселелердің шешімі де назардан тысқалмауы керектігі айтылды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.