Евразия24Таңдаулы жаңалықтарАлғаш рет дәрігерлерді қорғауға арналған арнайы бап енгізіледі

Алғаш рет дәрігерлерді қорғауға арналған арнайы бап енгізіледі

|

|

КазТАГ агенттігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бейсенбі күні Үкіметтегі брифингте сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды:

«Қылмыстық кодекске медициналық қызметкерлерге шабуыл жасауға тікелей қатысты жеке баптар енгізіледі. Бұл жаңа 158-1-бап болады, ол бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Егер күш қолдану қаупі тіркелсебостандықты екі жылға дейін шектеу қарастырылған. Егер медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану орыналсаекі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді. Егер мұндай жағдай төтенше жағдай режимінде орын алса – он жылға дейінгі мерзім қарастырылады. Егер қауіп немесе шабуыл бір немесе бірнеше медициналық қызметкерге бағытталса – он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», – деді министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайы «аса алаңдатарлық сипатқа ие болып отыр».

«Мен қарапайым медицина қызметкері ретінде еңбек жолымды бастаған кезде, мұндай жағдайлар болған жоқ», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Евразия24 пікірі:

Денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарованың «30 жыл бұрын дәрігерлерге мұндай жиі шабуыл жасалмайтын» деген пікірі, шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Себебі ол кезеңде интернет пен әлеуметтік желілер болмағандықтан, медицина қызметкерлеріне қатысты оқиғалар кең қоғам назарына ілінбей қалуы ықтимал еді.

Медицина қызметкерлерінің бөгде қылмыстардың кездейсоқ құрбанына айналуы – сирек тіркелетін жағдай. Көп жағдайда бұл — науқастардың немесе олардың туыстарының болжалды дәрігерлік қателікке немесе қызмет көрсету сапасына наразылығынан туындайтын қасақана іс-әрекеті. Кейде мұндай жағдайлар мас күйдегі азаматтардың орынсыз және агрессивті мінез-құлқы салдарынан туындайды. Яғни, мұндай зорлық-зомбылықтың түпкі себептері бүгінде де, 30 жыл бұрын бірдей, құқық бұзушылардың бейіні өзгерген жоқ.

Алайда бүгінгі таңда қоғам тарапынан қоғамдық айыптау институты айтарлықтай күшейген. Осыған байланысты медицина қызметкерлеріне қарсы әрекеттерге қатысты қылмыстық жауапкершілік шаралары да күшейтіледі.

Мұндай қылмыстардың санын қысқарту шаралары белгілі бір деңгейде нәтиже беруі мүмкін. Дегенмен, дәрігерлерге бағытталған зорлық-зомбылық көп жағдайда кенеттен – эмоциялық күйзеліс немесе аффект жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда құқық бұзушы жазаға тартылу немесе бас бостандығынан айырылу ықтималдығын ескере бермейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ұлттық қор ел игілігіне қызмет етуі тиіс

Еуразия24 Құрылтай сайлауынан кейін айтылған ең маңызды мәлімдемелердің біріне назар аудармай өте алмайды. Әзірге бұл бастама жүзеге асқан жоқ, алайда оның алдағы уақытта қолға алынуы мүмкін екені жария етілді. Оның үстіне бұл туралы Мемлекет басшысының өзі айтты. Сондықтан мәселенің нақты шешімге ұласуы әбден мүмкін.

Тоқаев Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өткенін айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет өткен Құрылтай – бір палаталы парламент депутаттарын сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Құрылтайдағы орындардың басым бөлігі «Әділетке» бұйыруы мүмкін

Жексенбі күні өткен сайлау қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең ірі «Әділет» партиясы Құрылтайдағы 145 орынның 111-іне ие болуы мүмкін. Бұл – Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметтер негізінде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі жасаған есеп.

Сингапур бала санын арттыру үшін отбасыларға 55 мың доллардан астам қаржылай қолдау көрсетпек

Сингапур билігі бала туу көрсеткішін арттыруға бағытталған жаңа шаралар ұсынды. Бағдарлама аясында әр балаға 55 мың доллардан астам қаржылай қолдау қарастырылған.