Евразия24Таңдаулы жаңалықтарАлғаш рет дәрігерлерді қорғауға арналған арнайы бап енгізіледі

Алғаш рет дәрігерлерді қорғауға арналған арнайы бап енгізіледі

|

|

КазТАГ агенттігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бейсенбі күні Үкіметтегі брифингте сөзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды:

«Қылмыстық кодекске медициналық қызметкерлерге шабуыл жасауға тікелей қатысты жеке баптар енгізіледі. Бұл жаңа 158-1-бап болады, ол бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Егер күш қолдану қаупі тіркелсе – бостандықты екі жылға дейін шектеу қарастырылған. Егер медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану орыналса – екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді. Егер мұндай жағдай төтенше жағдай режимінде орын алса – он жылға дейінгі мерзім қарастырылады. Егер қауіп немесе шабуыл бір немесе бірнеше медициналық қызметкерге бағытталса – он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», – деді министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайы «аса алаңдатарлық сипатқа ие болып отыр».

«Мен қарапайым медицина қызметкері ретінде еңбек жолымды бастаған кезде, мұндай жағдайлар болған жоқ», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Евразия24 пікірі:

Денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарованың «30 жыл бұрын дәрігерлерге мұндай жиі шабуыл жасалмайтын» деген пікірі, шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Себебі ол кезеңде интернет пен әлеуметтік желілер болмағандықтан, медицина қызметкерлеріне қатысты оқиғалар кең қоғам назарына ілінбей қалуы ықтимал еді.

Медицина қызметкерлерінің бөгде қылмыстардың кездейсоқ құрбанына айналуы – сирек тіркелетін жағдай. Көп жағдайда бұл — науқастардың немесе олардың туыстарының болжалды дәрігерлік қателікке немесе қызмет көрсету сапасына наразылығынан туындайтын қасақана іс-әрекеті. Кейде мұндай жағдайлар мас күйдегі азаматтардың орынсыз және агрессивті мінез-құлқы салдарынан туындайды. Яғни, мұндай зорлық-зомбылықтың түпкі себептері бүгінде де, 30 жыл бұрын бірдей, құқық бұзушылардың бейіні өзгерген жоқ.

Алайда бүгінгі таңда қоғам тарапынан қоғамдық айыптау институты айтарлықтай күшейген. Осыған байланысты медицина қызметкерлеріне қарсы әрекеттерге қатысты қылмыстық жауапкершілік шаралары да күшейтіледі.

Мұндай қылмыстардың санын қысқарту шаралары белгілі бір деңгейде нәтиже беруі мүмкін. Дегенмен, дәрігерлерге бағытталған зорлық-зомбылық көп жағдайда кенеттен – эмоциялық күйзеліс немесе аффект жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда құқық бұзушы жазаға тартылу немесе бас бостандығынан айырылу ықтималдығын ескере бермейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.