Евразия24СаясатРесейлік сарапшы Тоқаевты жаһандық деңгейдегі көшбасшы деп атады

Ресейлік сарапшы Тоқаевты жаһандық деңгейдегі көшбасшы деп атады

|

|

Ресейлік саясаттанушы Қасым-Жомарт Тоқаевты жаһандық деңгейдегі беделді көшбасшы деп атады. Бұл туралы Gazeta.ru басылымында жарияланған колонкада саясаттану ғылымдарының кандидаты, Ресей–Қазақстан баспасөз орталығының сарапшысы Виталий Млечин мәлімдеді. Млечиннің пікірінше, Тоқаев – шынайы өмірге бейім саясаткер, сөздерінде жасандылық жоқ. Сонымен қатар, сарапшы Қазақстан Президентінің қазақ-ресей қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ұмтылысын атап өткен. Ол Тоқаевтың Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуінде айтқан мәлімдемесін еске салды: «Қазақстан – «антиРесей» саясатын ұстанбайды. Біз Ресеймен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыру бағытын берік ұстанамыз. Бізді әлемдегі ең ұзын шекара біріктіреді».

Евразия24 пікірі:

Касым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметке кіріспей тұрып-ақ халықаралық аренада мінсіз беделге ие болған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, болашақ президент 1975–2007 жылдары дипломатиялық қызметте жұмыс істеп, кейінірек БҰҰ құрылымдарында басшылық лауазымдар атқарған. Мұндай дипломатиялық тәжірибесі бар мемлекет басшысының саяси элита назарынан тыс қалуы мүмкін емес еді. Оның үстіне, Тоқаев әрдайым сөзіне берік саясаткер ретінде танылып келеді. Сондықтан да, беделді саясаттанушылардың Қазақстан Президентінің салмағы жайлы пікірлері – әсірелеу емес, нақты шындық.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.