Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс топырақты ұтымды пайдалану туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс топырақты ұтымды пайдалану туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

|

|

Астана. 6 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын депутаттар тобы әзірлеген. Ол топырақты тиімді басқару мен қорғаудың, оның құнарлылығын сақтау мен арттырудың, сондай-ақ жердің тозуына жол бермеудің құқықтық негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Бұл туралы отырыста Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов мәлімдеді.

Құжат «топырақ» ұғымын бекітеді, оны ұтымды пайдаланудың негізгі талаптарын белгілейді, мемлекеттік органдардың топырақты қорғау саласындағы функцияларын нақтылайды және жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нақты бағыттарын айқындайды.

Депутаттың айтуынша, заң жобасында топырақты су басудан, батпақтанудан, қайталап тұзданудан, құнарсызданудан, кеуіп кетуден және тығыздалудан қорғау, сондай-ақ тозған топырақты қалпына келтіру бойынша талаптарды белгілеу ұсынылады.

Атап айтқанда, жер пайдаланушылар су, тұз, қоректік және жылу режимдерін реттеу, ағынды және артық суды бұру, ылғалдылықтың оңтайлы деңгейін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізуге, қар тоқтату әдістерін қолдануға, сондай-ақ топыраққа барынша аз әсер ететін ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануға міндеттеледі.

Сонымен қатар Мәжіліс топырақты қорғау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілетін ілеспе түзетулерді де бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер ұғымдық аппаратты нақтылауға және заң жобасының нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған редакциялық сипаттағы өзгерістерді қамтиды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.