Евразия24ЭкономикаСауда орталықтары көбеюде, зауыттар азаюда

Сауда орталықтары көбеюде, зауыттар азаюда

|

|

Data Hub ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында елімізде жалпы аумағы 124 мың шаршы метр болатын 17 сауда-ойын-сауық орталығы іске қосылды. Аталмыш көрсеткіштер – саны жағынан да, жалпы ауданы бойынша да – соңғы он жылдағы қаңтар-маусым кезеңінде тіркелгенең жоғары деңгейге жетті. Аумағы жағынан бұл көрсеткіш соңғы он жылдың толық нәтижелерімен салыстырғанда, 2019 және 2023 жылдардан басқа кезеңдердің барлығынан асып түсті. Айта кету керек, 2023 жылы тіркелген көрсеткіштің басым бөлігін, шамамен 60%-ын Алматы қаласындағы бір ірі нысан қамтамасыз еткен.

Евразия24 пікірі:

Президент пен Үкімет тарапынан өндірістік бағыттағы кәсіпорындарды дамыту үшін нақты қолдау шаралары мен жеңілдікпен несиелеу жүйесі ұсынылғанына қарамастан, кәсіпкерлер көбіне оңай пайда түсетін – сауда мен қызмет көрсету салаларын таңдап келеді. Жуырда өткен Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында көтерме сауда көлемі 9,2%-ға өсіп, 21,2 трлн теңгені, ал бөлшек сауда 6,6%-ға өсіп, 10,2 трлн теңгені құраған. Салыстыра кетсек, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 5,5%-ды, ал ауыл шаруашылығында – 3,7%-ды ғана көрсеткен. Демек, кәсіпкерлердің таңдауы әлі де еңбек шығыны аз, бірақ табысы жоғары бағыттарға түсіп отыр. Бұл – индустрияландырудың шынайы көрінісі. Ал осындай тәсілмен ЖІӨ-ні екі еселеу қаншалықты мүмкін?

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.