Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Газа секторындағы барлық тұтқындарды босату және атысты тоқтату туралы келісім ұсынуы...

АҚШ Газа секторындағы барлық тұтқындарды босату және атысты тоқтату туралы келісім ұсынуы мүмкін

|

|

Иерусалим. 28 шілде. ИНТЕРФАКС. Ақ үй әкімшілігі Израиль мен ХАМАС ұйымына Газа секторындағы қалған тұтқындарды босату және қарулы жанжалды тоқтату жөнінде екіжақты келісім ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы дүйсенбі күні The Jerusalem Post басылымы хабарлады.

Басылым дереккөзінің айтуынша, «АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігіндегі бірнеше лауазымды тұлға қазіргі кезеңде жан-жақты келісім ұсынып, оның аясында барлық тұтқындарды босату және қақтығысты тоқтату қажет деп санайды».

Алайда сұхбат берген ресми өкілдің айтуынша, мұндай келісімді жүзеге асыру үшін тараптардың ортақ мәмілеге келуі оңай болмайтыны түсінікті.

Сонымен қатар, The Jerusalem Post таратқан мәліметке сәйкес, Израиль билігі ХАМАС ұйымына: «Келісімге келу немесе салдарына тап болу» деген мазмұнда ультиматум қою мүмкіндігін де қарастырып отыр.

Соңғы екі күнде Израиль, ХАМАС және делдал елдер — Египет пен Катар арасында келіссөздерді жандандыруға бағытталған байланыстар қайта жанданған. Осы уақыт ішінде АҚШ Президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Италияның Сардиния аралында Катар шенеуніктерімен бірнеше кездесу өткізген.

Израиль делегациясы өткен аптада елге оралғанымен, ақпарат көздерінің мәліметінше, олар делдал елдермен байланысын үзбей, тұрақты түрде келіссөздерді жалғастырып келеді.

Жексенбі күні халықаралық қауымдастықтың сынына жауап берген Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторына гуманитарлық көмекті жеткізуді ең төменгі көлемде болса да жалғастыру қажет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешім екі мақсатты көздейді: ХАМАС ұйымын толық жою және тұтқындарды босату.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Иранды Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктесі деп атап, 2025 жылы өзара сауда көлемі 40% өскенін мәлімдеді

Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі және бұл елді сенімді серіктес әрі жақын көрші деп санайды, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның KIND корпорациясы Алатау қаласын дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігі, мемлекеттік Alatau City Authority қоры және Кореяның Шетелдік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұлттық корпорациясы (KIND) Alatau Smart City жобасын дамыту бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан Иранға арпа экспортын бірнеше есе арттыруды жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, Астана мен Теһран Қазақстан арпасын Иран нарығына жеткізу көлемін бірнеше есеге ұлғайту мүмкіндігін талқылап жатыр.

Астана мен Тегеран әл-Фараби мұрасына арналған тарихи-мәдени кешен салу жөнінде келісті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті Масуд Пезешкиан Абу Насыр әл-Фарабидің мұрасына арналған тарихи-мәдени кешенді Қазақстанда салу жөнінде келісімге келді.