Евразия24ЖаңалықтарТоқаев пен Ердоған Анкарада өтетін келіссөздер барысында Қазақстанмен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестікті...

Тоқаев пен Ердоған Анкарада өтетін келіссөздер барысында Қазақстанмен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселесін талқылайды

|

|

АСТАНА. 29 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды.

Президентті дүйсенбі күні кешке Анкара халықаралық әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қарсы алды. Әуежайда екі ел көшбасшылары қысқаша әңгімелесті.

– Қонақжайлық көрсетіп, әуежайға арнайы келіп қарсы алғаныңыз үшіналғыс айтамын. Бұл – мен үшін зор құрмет. Екі ел арасында ешқандайқайшылық жоқ. Бізді достық пен тығыз ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды келіссөздер өтеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сейсенбі күні мемлекет басшыларыҚазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестіктіодан әрі дамытуға бағытталған келіссөздер өткізеді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.