Евразия24Басты бетТуризм мен жол инфрақұрылымындағы дағдарыс: Президент араласқаннан кейінгі жағдай

Туризм мен жол инфрақұрылымындағы дағдарыс: Президент араласқаннан кейінгі жағдай

|

|

Қазақстандағы туризм мен логистика мәселелері жыл сайын маусым қызған уақытта Үкіметте өткір сынға алынып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланады. 2025 жыл да ерекшеленген жоқ, бірақ бұл жолы мәселегеПрезиденттің араласуына тура келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бірнеше министрлік басшыларынан құралған ведомствоаралық жұмыс тобы Қапшағай, Алакөл және Балқаш курорттық аймақтарының инфрақұрылымын тексерді.

«Тексеру барысында туристік инфрақұрылымның жағдайы, қызмет көрсету деңгейінің төмендігі және қажетті қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі туралы азаматтардың шағымдары расталды. Әсіресе, жергілікті атқарушы органдарға қарайтын коммуналдық жағажайлардың жай-күйі алаңдаушылық туғызды. Жағажай аумақтарының абаттандыру ережелерінің бұзылуы, бизнес субъектілерінің кассалық тәртіпті сақтамауы, түбіртек бермей қызмет көрсетуі, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік талаптарын орындамауы анықталды», – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі(https://forbes.kz/articles/po-porucheniyu-tokaeva-k-otvetstvennosti-privlekli-chinovnikov-posle-inspektsii-kurortnyh-zon-26dbad ).

Осыған орай ондаған лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Туризм және спорт вице-министріне, Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісуоблыстары әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды. Қонаев, Балқаш қалаларының, Алакөл және Мақаншы аудандарының, сондай-ақбірқатар ауылдық округтердің әкімдері де сөгіс алды.

Аталған мәселелер туристік нысандарға ғана қатысты емес, оларды логистикалық тұрғыдан қамтамасыз ететін жол-көлік инфрақұрылымының жағдайы да сын көтермейді. Қазақстан транзиттік және логистикалық хабқа айналуды мақсат етеді, бұл жол бойындағы қызмет көрсету сапасына да ерекше талаптар қояды. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар да көңілкөншітпейді.

Маусым айының соңында «Ақ жол» партиясының депутаттары премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында жол инфрақұрылымының жағдайы сын көтермейтінін атап көрсетті. 

«Үкіметтің 2019 жылғы 31 желтоқсанда бекіткен 2020–2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының автожол бойындағы сервиске қатысты тұсы көбіне қағаз жүзінде қалды. Бағдарламада автожол бойында санитарлық-гигиеналық тораптар, тамақтану орындары, техникалық қызмет көрсету станциялары, жанармай құю бекеттері, электромобильдерге арналған қуаттау станцияларымен цифрлық инфрақұрылымды дамыту көзделген еді. Бірақ аталған бағыттар бойынша нақты нәтижелер жоқ. Бастапқыда бағдарламаға 6,6 трлн теңге бөлінді. Бірақ екі жыл өткен соң, 2022 жылғы 31 желтоқсанда бағдарлама мерзімінен бұрын аяқталып, оның орнына 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Бағдарламаның нәтижелері туралы ресми ақпарат жоқ», – деп жазды.

Депутаттар жол бойындағы санитарлық тораптардың, тамақтану орындарының, демалыс аймақтары мен ұялы байланыс сапасының нашарлығын сынға алды. Олар премьер-министрден президенттің 2024 жылдың ақпан айындағы кеңейтілген отырыста берген тапсырмасының орындалуы туралы есеп беруді сұрады.

Олжас Бектенов қол қойған жауапта депутаттар айтқан сындармен келіспейтіндігін білдірді.

«Республикалық маңызы бар 10 мың шақырымнан астам жол жөнделіп, қайта құрылып қолданысқа енгізілді. 2020–2022 жылдары жеке инвесторлардың есебінен 196 жаңа жол бойындағы сервис нысаны салынды және шамамен200 нысан стандартқа сай етіп жаңартылды. Сонымен қатар автожолдарды жөндеу мен реконструкциялау аясында 59 санитарлық-гигиеналық торапорнатылды. Нәтижесінде ұлттық стандарт талаптарына сай нысандардың үлесі 52%-дан 74%-ға дейін артты», – делінген құжатта.

2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы туралы есепте 2023–2024 жылдары 75 заманауи нысан және 71 санитарлық торап іске қосылып, тағы 100-ден астам нысан нормативтік жағдайға келтірілгені айтылды.

«Қазіргі таңда жол бойында қызмет көрсететін 1 446 нысан жұмыс істейді, оның 90%-ы (1 309 нысан) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Биыл жылдың соңына дейін тағы 48 жаңа нысанды пайдалануға беріп, 21 санитарлық торап орнату жоспарланған», – делінген жауапта.

Қызықты мәлімет анықталды: Қазақстанда 2018 жылдан бері халықаралық стандарттар негізінде әзірленген СТ РК 2476-2014 «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары. Жол сервисі нысандары мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар» ұлттық стандарты қолданылып келеді. Бұл стандартты 2025 жылдың соңына дейін жаңартып, оның талаптарын күшейту жоспарланып отыр. Жол бойындағы ақылы трассалардың дәретханаларына барған адамдар қазір ауыр күрсінуге мәжбүр, өйткені мұндай орындарда тазалық сақталмай, жағымсыз иіс басым екені белгілі. Жақында egovpressтелеграм-арнасында бұл туралы айқын бейнеролик жарияланды (https://t.me/egovpress/9178 ).

Депутаттарға берген жауабында Олжас Бектенов жол бойындағы санитарлық-гигиеналық тораптарды (СГУ) күтіп ұстауға ай сайын 83 мыңтеңге бөлінетінін хабарлады. Құжатта былай деп жазылған: «2022 жылданбастап нысанды салу шығынының 10%-ы өтеледі, ал санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға айына 83 мың теңге қарастырылған». Алайда бұл соманың мақсатты жұмсалып жатқанына көпшілік күмәнмен қарайды.

Жол бойындағы инфрақұрылымды туристік нысандар сияқты ауқымды тексеру қажеттігі туындап отыр. Әйтпесе премьер-министрге бұл саладағы жетістіктер туралы есептер тек қағаз жүзінде ғана жалғаса беруі мүмкін.

Шешім қабылдаушы тұлғаларды жол бойындағы қызмет көрсету орындарын жедел тексеруге ынталандыру мақсатында екі сарапшының пікірін келтірейік. Олар нақты нәтижелер мен есептегі көрсеткіштердің арасында үлкен алшақтық барын айтады.

Гигиенист-дәрігер Юрий Анохиннің айтуынша, Қазақстанда ведомствоаралық байланыс әлсіз. «Қазір жауапкершілік алатын адам жоқ. 35 жыл бойы өзіміздің нормативтеріміз жасалмаған. Біз халықаралық стандарттарға сүйенеміз, бірақ әлемдегі даму деңгейі басқа. Кеңес уақытында әр жол бойындағы дәретхананы аптасына кем дегенде бір рет санитарлық қызмет тексеретін, ол үшін белгілі бір адам жауап беретін. Бүгін ешкім жауапкершілік алғысы келмейді, барлығы аз ақшаға көп пайда табуға ұмтылады. Әлеуметтік мәдениет те төмен. Осы факторлар біріккенде қазіргі жағдайға алып келеді», – дейді маман.

Экономист Айдар Әлібаев жол инфрақұрылымын дамытуға арналған бағдарламалар мен жобалар бар екенін жоққа шығармайды, қаржы бөлініп жатқанын да мойындайды. Бірақ нақты жол бойындағы инфрақұрылым жүргізушілер үшін өте нашар деңгейде қалып отыр дейді. «Мен әлемнің көптеген елдерінде жолдармен жүрдім. Жол бойы сервисінің қандай болу керектігін жақсы білемін. Біз әлі де XIX ғасыр деңгейіндеміз. Бөлінген қаржымақсатты жұмсалмайды, жемқорлыққа кетеді деп күмәндануға толық негізбар», – дейді сарапшы.

Экономист сондай-ақ жеке бизнестің жол сервисіне келуге құлықсыздығын атап өтті. Оның айтуынша, заң жүзінде кепілдіктер болғанымен, іс жүзінде жеке меншік құқығына кепілдік берілмегендіктен, бизнес тәуекелге барғысы келмейді.

Нәтижесінде негізгі мәселе айқын – премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалдарға берген жауаптарына қарағанда, үкімет қабылдап жатқан шаралар жол-көлік және туристік инфрақұрылымды дамытуда тиімдідеп есептейді. Алайда шын мәнінде, ақылы жолдар бойымен небәрі 200-300 шақырым жүріп-ақ, ел басшылығының бұл мәселенің нақты жағдайынан қаншалықты алыс екенін көруге болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналып,...

Тоқаев Үкіметке мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллектті енгізу бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке...

Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейтіп, қызметтік хат алмасуды отандық мессенджерге көшіруді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік...

Жыл соңына дейін қазақстандық кәсіпорындар өндірісте жасанды интеллект енгізудің экономикалық нәтижесін көрсетуі тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды...