Евразия24Басты бетУрсула фон дер Ляйен және еуробюрократияның дағдарысы

Урсула фон дер Ляйен және еуробюрократияның дағдарысы

|

|

2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қызмет етіп келе жатқан Еурокомиссия төрайымының әрекеттері Еуроодақтағы және жалпы еуропалық бюрократия жүйесіндегі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселесін өткір қояды. Мұндай тетіктер болуы мүмкін. Алайда Урсула фон дер Ляйен бүгінге дейін орын алған көптеген сәтсіз шешімдері үшін ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ.

2025 жылғы 18 шілдеде Еуропарламент Урсула фон дер Ляйенді вакцина дауына қарамастан лауазымынан шектеу шараларын қолданбай, келесі бес жылға Еурокомиссия төрайымы етіп қайта бекітті. Бұл оның саяси тұрғыдан толық қолдауға ие екеніне сенімін күшейтті.

Еурокомиссия төрайымы алдымен Пекинде өткен Қытай – ЕО арасындағы 25-саммитте Қытай басшылығына бастапқыда қабылдануы қиын саяси талаптар қойып, келіссөздерді күрделендіріп жіберді. Жалпы алғанда, теріс нәтиже де – нәтиже. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Премьер-министр Ли Цян Еуроодақ делегациясының АҚШ-пен арадағы тарифтік текетіреске мүлдем алаңдамай отырғанын аңғарды. Оның орнына еуропалық шенеуніктер Қытай тарапына өздерінің бұрмаланған геосаяси көзқарасын ұсынумен шектелді.

2025 жылдың 24 шілдесінде Қытай мен Еуроодақ арасындағы күрделі келіссөздер аясында өткен саммиттің алғашқы күнінде тараптар бірде-бір сауда келісіміне қол жеткізе алмады. Осыдан кейін Қытай тарапы екінші күнге жоспарланған барлық іс-шараларды доғарып, ЕО делегациясы Бейжіңнен белгіленген мерзімінен бұрын қайтып кетті.

Арада үш күн өткен соң, 27 шілдеде Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ атынан Шотландияда Дональд Трамппен кездесті. Келіссөздердің нәтижесінде америкалық тауарлар Еуроодақ нарығына кедендік баж салығынсыз, яғни 0% мөлшерлемемен кіргізіледі. Ал еуропалық экспорт АҚШ-қа 15% көлемінде тарифпен енеді. Бұдан бөлек, болат пен алюминийге қатысты бұрынғы 50 пайыздық баж мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды.

Сондай-ақ Брюссель Вашингтонмен арада құны 750 миллиард долларды құрайтын энергия ресурстарын сатып алу жөнінде міндеттеме алып, Еуропа бизнесінің АҚШ-тағы жобаларын қаржыландыру үшін 600 миллиард долларлық арнайы инвестициялық қор құруға келісім берді.

Мұндай келісімге кез келген өңірлік деңгейдегі әкім де келе алар еді. Еңбастысы, мұндай жағдайда Еуроодақ қосымша шығынға ұшырамас еді.

Ал енді Еуроодақтың келіссөз жүргізудегі «салмағы» мен беделі туралы қалыптасқан пафосты бейнесі қайда қалды? Еуропалық басқару жүйесіндегі қорғаныс тетіктері белгілі бір кезеңде Урсула фон дер Ляйеннің уәделерін тежеп, тіпті іске асуына кедергі келтіруі де мүмкін. Алайда мұндай жағдайда мәселе мүлде басқа қырынан бой көрсетеді: егер Еуроодақ үкіметінің басшысының сөзі ешқандай кепілдікке ие болмаса, онда мұндай лауазымды тұлғамен қандай да бір келісім жасаудың мәні бар ма?

Урсула мен Дональд Трамп арасындағы келісіммазмұны мен сипаты жағынан классикалық отаршылдық неоотаршыл шарттардың көрінісі. Оныңбіржақты тиімділігі мен құрылымдық теңсіздігі халықаралық құқық нормаларына қаншалықты сай келетіні де – ашық сұрақ. Соған қарамастан, Еуроодақ шенеуніктері фон дер Ляйеннің орын алып жатқан геосаяси үдерістерді соншалықты үстірт қабылдап отырғанына сене алмай отыр.

Еуропарламенттің («Германияға балама» партиясы) сайланған депутаты Гуннар Бек Трамптың Еурокомиссия басшысына қатысты құпия ақпаратқа иеболуы ықтимал екенін мәлімдеді.

Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан бүгінде Дональд Трамптың Еуропадағы саяси мүдделерін білдіретін негізгі тұлға ретінде есептеледі. Алайда бұлсаяси деңгейдегі байланыс. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Будапешт Еуроодақтың толыққанды мүшесі болғандықтан, венгер басшысы Урсула фон дер Ляйеннің Шотландиядағы келісімін қатаң сынға алды. Орбанатап өткендей, бұл келісім шарттары бойынша американ-британдық келісімнен де әлдеқайда төмен деңгейде түзілген. Ал шын мәнінде, Брюссельдің экономикалық тартылыс күші Лондоннан едәуір басым болуға тиіс еді.

Осы оқиғалар аясында енді Еуроодақтың Қазақстанға қатысты «көміртекті салық» салу бастамасының болашағы ерекше назар аударуға тұрарлық. Егер ЕО жаһандық сауда қатынастарында біржақты әрі үйлесімсіз шешімдер қабылдай беретін болса, мұндай экологиялық сипаттағы экономикалық шектеулерге көзқарас өзгеруі мүмкін.

Мысалы, Катардың энергетика министрі Саад Шерида әл-Кааби Шотландиядағы келісім жасалмай тұрып-ақ мәлімдеме жасап, егер Еуроодақ «Корпоративтік тұрақтылық саласындағы тиісті тексеру туралы» директиваны (CSDDD) заңды түрде іске қосатын болса, онда Катар Әмірлігі Біріккен Еуропа нарығынан өз қызметін толықтай доғаратынын хабарлаған еді.

Аталған директива — «көміртекті салықтың» бір түрі болып табылады. Құжаттың мазмұнына сәйкес, Еуроодақ аумағында жұмыс істейтін ірі компаниялар жеткізу тізбегіндегі адам құқықтары мен экологиялық нормалардың сақталуын қадағалап, анықталған кемшіліктер бойынша нақты шаралар қабылдауға міндетті. Алайда Катар тарапы бұл талаптардың бизнеске тигізетін әсерін бағамдап, директиваның енгізілуіне дейін-ақ Еуроодаққа нақты ескерту жасады. Доха өзінің мүддесіне қайшы келетін көп миллиардтық айыппұлдарды төлемейтінін және ЕО-ның сұйытылған табиғи газ (СПГ) нарығындағы 14 пайыздық үлесін қайтарып алатынын ашық мәлімдеді. Нәтижесінде, еуропалық тарап директиваның талаптарын жұмсартуға ниетті екенін айтты.

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан тарапына да Еуроодақ институттарымен келіссөздер жүргізу кезінде белсенді әрі прагматикалық ұстаным қажет. Брюссельдік құрылымдар мен лауазымды тұлғалар сырттай беделді көрінгенімен, келіссөз жүргізу дағдысы мен нәтижелілігі көбіне төмендеңгейде қалып отыр. Урсула фон дер Ляйеннің тәжірибесі ЕО-да жоғарылауазымды шенеуніктердің кәсіби қателіктері үшін жауап бермейтінін көрсетті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналып,...

Тоқаев Үкіметке мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллектті енгізу бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке...

Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейтіп, қызметтік хат алмасуды отандық мессенджерге көшіруді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік...

Жыл соңына дейін қазақстандық кәсіпорындар өндірісте жасанды интеллект енгізудің экономикалық нәтижесін көрсетуі тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды...