Евразия24ЖаңалықтарТоқаев киберқауіпсіздікті күшейтіп, қызметтік хат алмасуды отандық мессенджерге көшіруді тапсырды

Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейтіп, қызметтік хат алмасуды отандық мессенджерге көшіруді тапсырды

|

|

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік жүйесін шұғыл реформалау қажеттігін атап өтіп, бірыңғай басқару тетігінің болмауы мен өкілеттіктердің қайталануы киберқатерлерге жедел әрекет етуге кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Астанада өткен жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы жыл басынан бері 40-тан астам ірі дерек жайылу оқиғасы тіркелгенін, оның ең ауқымдысы маусым айында болғанын айтты.
– Ресми деректерге қарағанда, мұндай оқиғалардың елеулі бөлігі жеке секторда орын алады. Дегенмен елдегі жалпы цифрлық қауіпсіздік деңгейі үшін мемлекет толық жауапкершілік алуы тиіс, – деді Президент.

Оның сөзінше, қазіргі ахуалды өкілеттіктердің нақты бөлінбеуі және функциялардың шашыраңқылығы күрделендіріп отыр.
– Ақпараттық қауіпсіздікті бақылау – Цифрлық даму министрлігі құрамындағы Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің құзырында. Ал қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін техникалық сынақтан өткізу мен сертификаттау ҰҚК-ге қарасты Мемлекеттік техникалық қызметтің міндетіне жатады. Бірыңғай басқару тетігінің болмауы және өкілеттіктердің қабаттасуы мемлекеттік органдардың киберқатерлерге баяу жауап беруіне әкеледі. Мұндай жағдайды дереу түзету қажет, – деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы киберқауіптерді ескере отырып, жеке деректерді қамтитын барлық қызметтік және іскерлік байланыстарды қорғалған ұлттық мессенджерге көшіру мәселесін пысықтауды Үкіметке тапсырды.
– Қазір іскерлік және қызметтік қатынастардың, соның ішінде азаматтардың жеке деректерін беру үдерісінің басым бөлігі халықаралық мессенджерлер арқылы жүзеге асады. Көп жағдайда бұл платформалар арқылы жеке сәйкестендіру нөмірлері, денсаулық туралы мәліметтер және өзге де құпия ақпарат сұралады. Мұндай тәжірибе дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзуға және ақпараттың ұлттық юрисдикциядан тыс жерге шығуына себеп болуы мүмкін, – деді ол.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда әзірленген Aitu отандық мессенджері қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.