Евразия24Күнбе күнТротуардағы қауіп: самокат жылдамдығы бақылауда болмай тұр

Тротуардағы қауіп: самокат жылдамдығы бақылауда болмай тұр

|

|

BES.media-ның хабарлауынша, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев кикшеринг қызметін ұсынатын компаниялар енді самокаттарды пайдаланушылар тарапынан жасалған құқық бұзушылықүшін жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Комитет төрағасы бұған дейін барлық кикшеринг компанияларының басшылары құқық қорғау органдарына самокаттар жаяу жүргінші жолымен қозғалған жағдайда жылдамдығы 6 км/сағ деңгейінен аспайтынына кепілдік бергенін еске салды. Алайда бұл талаптар орындалмаған. Осыған байланысты аталған компаниялардың басшыларына қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, баршаңыз көріп жүргендей, самокаттар қолданылғаннан кейін кез келген жерде жатады. Бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, жалпы қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіреді. Сол себепті біз кикшеринг қызметін ұсынатын компаниялардың басшыларына жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, самокаттарды қоюға арналған арнайы тұрақ орындарын белгілеуді ұсындық. Алайда бұл жұмыс толық көлемде орындалған жоқ. Осыған байланысты, қазіргі уақытта біз тиісті шараларды қолға аламыз: барлық компания басшыларын жауапкершілікке тартатын боламыз», – деп атап өтті Қайсар Сұлтанбаев.

Евразия24 пікірі:

Полиция электросамокаттарды жалға беруші компанияларға жол қозғалысы тәртібін сақтау жөнінде қайта-қайта ескерту жасаудан шаршады. Енді қоғамдық самокаттарды басқару кезінде жол қозғалысы ережелері бұзылған жағдайда, жауапкершілік жүргізушілердің өзінен емес, кикшеринг компанияларынан сұралатын болады. Бұл – соңғы күндері шыққан ең маңызды әрі орынды жаңалықтардың бірі. 2023 жылы самокат заң жүзінде көлік құралы ретінде танылған кезде, мемлекет электросамокатты пайдалану тәртібі ретке келеді деген үміт артты. Рұқсат етілген жылдамдықтың 25 км/сағ деңгейінде шектелуі, тротуардағы қозғалыстың 6 км/сағ аспауы, жүргізуші куәлігінің болуы, сондай-ақ шлем мен жарық шағылыстырғыш элементтерді тағу міндеттемелері осы үмітке негіз болды. Полиция электросамокат жүргізушілеріне арнайы рейдтер ұйымдастырмаса да, жылдың басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 500-ден астамдерегі тіркелген. Тротуарда жоғары жылдамдықпен жүйткіп жүргендер арасында ересектер де, балалар да бар — кейде бір самокатқа екі-үш адам мініп алады. Мұндай заңбұзушылық үшін жауапкершілікті кім көтеруі керек? Самокатты тікелей тізгіндеген адам ба, әлде оны жалға ұсынған компания ма? Әрине, кез келген көлік түрінің иесі сияқты, электросамокат иелері де жауапкершілікке тартылуы тиіс. Алайда, жолда өзін дұрыс ұстамайтын кейбір жүргізушілердің әрекетін кикшеринг компаниялары қалай бақылай алады? Бұл – ашық сұрақ. Бірақ дәл осы тұста – қоғамдық кеңістіктіэлектронды көлікпен толтырыр, мәселені туындатқан тарап енді оны шешудің жолдарын да ұсынуы қажет.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.