Евразия24ЖаңалықтарҚытайда Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға 26 шетелдік мемлекет...

Қытайда Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға 26 шетелдік мемлекет басшысы қатысады

|

|

Бейжің. 28 тамыз. ИНТЕРФАКС — Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғысындағы жеңісі мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараларға әлемнің 26 елінің көшбасшысы қатысады. Бұл жөнінде Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрінің көмекшісі Хун Лэй мәлімдеді.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған іс-шараларға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен КХДР лидері Ким Чен Ынның қатысуы жоспарланған. Ал АҚШ президенті Дональд Трамптың аты-жөні жарияланған тізімде жоқ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

CENTCOM басшысы Таяу Шығыста бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер өткізді

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Таяу Шығыс елдеріне жасаған 10 күндік сапарын аяқтады. Сапар барысында ол өңір басшыларымен кездесіп, Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери қызметшілермен жүздесті, деп хабарлады қолбасшылық.

Әйелдің саясаттағы орны қандай?

Сәуле Сағади депутаттыққа әйел болған соң ғана ұсынылып отыр. Ол – Астанадағы Re.Women әйелдер қауымдастығының төрайымы. eurasia24.media редакциясының әйелдер қауымы кандидаттың Құрылтайға қандай бастамамен бара жатқанын, әйелдердің атынан қандай мәселе көтермек екенін түсінуге тырысты. Алайда нақты жауап таба алмады. Бұған редакцияны кінәлау да қиын: кандидаттың өзі де Парламентке не үшін бара жатқанын анық жеткізе алмады.

Ұлттық банк саясаты және қолжетімді ипотека

Құрылтай сайлауына үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы да басталды. Шынын айтқанда, «Еуразия24» редакциясының бұл тақырыптағы айтары да сарқыла бастағандай. Жоқ, «Не болды?» (https://eurasia24.media/chto-sluchilos/na-gorle-sobstvennoj-pesni/) және «Ушыққан мәселе»  айдарларында материал жеткілікті. Ал болашақ Құрылтайдың құрамы қандай болады, ол елде қордаланған мәселелерді шешуге қаншалықты қауқарлы – әзірге бұған қатысты нақты болжам жасау қиын.Әлеуметтік желілерде Мәжіліс төрағасы қызметінен кеткен Ерлан Қошанов пен Мәулен Әшімбаевтың қамауға алынғаны туралы жалған ақпарат тарады. Осындай тұста Taldau Talks-тың жаңа әрі өзекті шығарылымы жарық көрді. Оның тақырыбы – қазақстандықтарды толғандыратын ең маңызды мәселелердің бірі – баспана.

Дрондар соғысы және оның экономикалық тиімділігі

 2022 жылдан бері кеңінен қолданылып келе жатқан ұшқышсыз ұшу аппараттары қазіргі әскери қақтығыстардың сипатын едәуір өзгертті. Бұл саладағы маңызды мәселелердің бірі – қару-жарақтың экономикалық тиімділігі. Дрондар мен оларға қарсы құралдардың, әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендерінің, байланыс және нысананы дәлдеу жүйелерінің құны мемлекеттің қорғаныс шығынына шамадан тыс салмақ түсірмеуге тиіс. Осыған байланысты Пентагон ауыр барлау және соққы жасауға арналған MQ-9 Reaper дрондарын пайдаланудың тиімділігіне қайта баға бере бастады.