Евразия24ЖаңалықтарИран МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтатуы мүмкін

Иран МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтатуы мүмкін

|

|

Дубай, 28 тамыз. ИНТЕРФАКС. Иранның МАГАТЭ-мен (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) байланысы тоқтауы мүмкін. Бұл Ұлыбритания, Франция және Германия 2015 жылғы Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары (БЖЖІЖ) аясында Тегеранға қарсы халықаралық санкцияларды қалпына келтіру тетігін іске қосқан жағдайда орын алады. Бұл туралы Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади мәлімдеді.

«Егер бұл қадамдар іске асырылатын болса, қазіргі таңда МАГАТЭ аясында жүргізіліп отырған ынтымақтастық толық бұзылып, ықтимал түрде мүлде тоқтайды», – деді Гарибабади бейсенбі күні иран мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін «еуротройка» (Ұлыбритания, Франция және Германия) тамыз айының соңына дейін Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дипломатиялық шешімге қол жеткізілмеген жағдайда «жедел әрекет ету тетігін» іске қосуға дайын екенін ескерткен болатын.

Сәрсенбі күні МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті. Рубио кездесуде АҚШ-тың ядролық технологияларды бейбіт мақсатта қолдануға жәрдемдесу және ядролық қарудың таралуына жол бермеу бағытындағы МАГАТЭ қызметін қолдайтынын мәлімдеді.

Сейсенбі күні Иран, Франция, Германия, Ұлыбритания және ЕО өкілдері Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені талқылау үшін кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Казем Гарибабади Иранның өзара тиімді дипломатиялық шешімдерді қолдайтынын растап, еуротройка мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін дипломатияға уақыт беріп, дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Аталған «жедел әрекет ету тетігі» — 2015 жылғы БЖЖІЖ-ті қолдаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес бекітілген. Ол антиирандық санкцияларды алып тастауды көздейтін, бірақ кез келген тарап Иран келісім талаптарын бұзды деп есептеген жағдайда шағым түсіруге мүмкіндік беретін механизм болып табылады.

Егер 30 күн ішінде ортақ шешімге қол жеткізілмесе, БҰҰ бұған дейінгі барлық санкцияларын автоматты түрде қалпына келтіреді. Бұл санкциялар Иранға қару-жарақ жеткізуге эмбарго енгізуді, жүктің тексерілуін және зымыран бағдарламасына қатысты шектеулерді қамтиды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда мәдениет саласы бойынша екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын мемлекеттік наградалар қатарына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Лула да Силва мен Болсонару Бразилиядағы сайлау науқанын бастады

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва жексенбі күні өзінің сайлау науқаны басталғанын жариялады, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.

Бельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

Өткен жұмада Бельгияның Арденна өңіріндегі Жоғарғы Фенн қорығында басталған орман өрті жексенбіге қарай 3 мың гектарға жуық таулы орман алқабын шарпыды, деп RTBF телеарнасы хабарлайды.

CENTCOM басшысы Таяу Шығыста бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер өткізді

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Таяу Шығыс елдеріне жасаған 10 күндік сапарын аяқтады. Сапар барысында ол өңір басшыларымен кездесіп, Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери қызметшілермен жүздесті, деп хабарлады қолбасшылық.