Евразия24Еуразия патриоттарыЖеңістің 80 жылдығы: Қытайдағы саяси реңкті шара

Жеңістің 80 жылдығы: Қытайдағы саяси реңкті шара

|

|

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 26 шет мемлекет басшысы Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы және Екінші дүниежүзілік антифашистік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған еске алу шараларына қатысады. Бұл туралы бейсенбі күні Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрінің көмекшісі Хун Лэй мәлімдеді. 3 қыркүйекте Қытайда жапон басқыншыларына қарсы Қытай халқының азаттық соғысындағы және Екінші дүниежүзілік антифашистік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай кең ауқымды әскери шеру өтеді.

Евразия24 пікірі:

Еуразиялық кеңістікте Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда. 9 мамырда Мәскеуде әлем көшбасшыларының қатысуымен өткен салтанатты Жеңіс шеруінен кейін, Қытай да Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуын ерекше атап өтпек. Мұндай шаралар алдымен фашизмге қарсы майданда қаза тапқандардың ерлігіне құрмет көрсету деп қабылданары сөзсіз. Алайда сарапшылар Қытайда Жеңістің 80 жылдығын кең көлемде атап өтудің астарында саяси мән бар екенін атап өтті. Себебі КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын өзінің билікке келгелі бері алғаш рет көпжақты халықаралық сахнаға шықпақ. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, бұл —  Қытай, Ресей және Солтүстік Корея арасындағы бейресми одақтың белгісі ретінде қабылдануы мүмкін. Әлем назарын аударатын басты сәт – Ким Чен Ынның ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге ел астанасындағы Орталық қақпа үстіндегі трибунада бой көрсетуі болмақ. Бұл алаңда салтанатты шараға қатысушы елдердің көшбасшылары орналасады. Сонымен қатар Қытай тарапы Тяньаньмэнь алаңында өтетін шеру барысында шетелдік қонақтарға заманауи қару-жарақтың соңғы үлгілерін көрсетуге ниетті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда мәдениет саласы бойынша екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын мемлекеттік наградалар қатарына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Лула да Силва мен Болсонару Бразилиядағы сайлау науқанын бастады

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва жексенбі күні өзінің сайлау науқаны басталғанын жариялады, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.

Бельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

Өткен жұмада Бельгияның Арденна өңіріндегі Жоғарғы Фенн қорығында басталған орман өрті жексенбіге қарай 3 мың гектарға жуық таулы орман алқабын шарпыды, деп RTBF телеарнасы хабарлайды.

CENTCOM басшысы Таяу Шығыста бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер өткізді

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Таяу Шығыс елдеріне жасаған 10 күндік сапарын аяқтады. Сапар барысында ол өңір басшыларымен кездесіп, Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери қызметшілермен жүздесті, деп хабарлады қолбасшылық.