Евразия24UncategorizedҚосалқы станциялар қысқа дайындала бастады

Қосалқы станциялар қысқа дайындала бастады

|

|

Мұнай және энергетика министрлігі хабарлауынша, «Жалпы еліміз бойыншаэнергетика нысандарын жөндеуге 376 млрд теңге бөлінуі жоспарланған. Бұлөткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артық. РЭК-тердің электр желілеріндеұзындығы 17 мың шақырым болатын электр энергия желілерін, 420 қосалқыстанцияны, 3,5 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқыстанцияларды жөндеу көзделген. Жөндеу науқаны электрмен жабдықтаусенімділігі мен қауіпсіздігін арттырып, апаттар қаупін азайтуға және қосалқыстанциялардың күзгі-қысқы кезеңде тұрақты жұмысын қамтамасыз етугемүмкіндік берді»,делінген министрліктің хабарламасында.

Евразия24 пікірі:

Қазақстанның көптеген өңірлерінде жылыту маусымы 1 қазанда басталады, яғни оның басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Ал Энергетика министрлігі осы уақытта 17 мың шақырым электр энергия желісінде жөндеу жұмыстарын жоспарлап отырғанын ресми түрде хабарлайды. Сірә, бұл 2025 жылға арналған жұмыс жоспары болса керек. Бір жағынан, жұмыстардың кешігіп болса да орындалғаны дұрыс – бастысы, олар мүлдем орындалмай қалмаса болғаны. Бірақ екінші жағынан, премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың өзінде-ақ (https://lsm.kz/olzhas-bektenov-vyrazil-somneniya-po-gotovnosti-k-zime) ведомство басшыларының ірі көлемдегі жұмыстарды соңғы күндерге қалдыру әдетін сынға алған болатын. 2024 жылғы тамызда премьер-министр Олжас Бектенов келесідей мәлімдеме жасаған болатын:«Көптеген лауазымды тұлғалардың айтқан сөздері істің шынайы нәтижелілігін көрсете алмай отыр. Жұмыстардың негізгі бөлігін соңғы күндерге қалдыру – бұл дұрыс емес жоспарлаудың көрінісі. Энергетика жәнеөнеркәсіп министрліктеріне өңірлік әкімдіктермен бірлесіп, жылу көздерімен жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтаудытапсырамын. Алдағы жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасызету үшін Роман Склярдың басшылығымен жедел штаб құруды тапсырамын».Дәл осыған ұқсас сын премьер-министр тарапынан 2025 жылдың тамызындада айтылды. Ведомство басшылары үшін зиянды жұмыс дағдыларынанарылу оңайға соғып жатқан жоқ.

Тегтер: Қазақстан, жылыту маусымы, Энергетика министрлігі, электржелілерін жаңғырту, Олжас Бектенов, Евразия24.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр, бірақ диалогқа да дайындалуда

Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 21-санкциялар пакетін әзірлеуді жалғастырып жатыр, сонымен қатар Мәскеумен ықтимал келіссөздерге де дайындалуда. Бұл туралы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін енгізуі мүмкін

Иран болашақта Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден сақтандыру төлемін алу құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.

Қазақстанда аңшылық пен жануарлар дүниесін қорғау саласындағы заңнама жетілдірілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жануарлар дүниесін қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы мәселелеріне қатысты заңға және оған ілеспе құжатқа қол қойды.

АҚШ пен Иран келіссөздері кейінге шегерілді

АҚШ пен Иран арасында жұма күні Швейцария аумағында өтуі жоспарланған келіссөздер кейінге қалдырылды. Бұған Израиль армиясының Ливан оңтүстігіндегі «Хезболлаға» қарсы соққылары себеп болғаны хабарланды.