Евразия24ЖаңалықтарБАҚ: Трамп АТЭС саммиті аясында Си Цзиньпинмен кездесу мүмкіндігін қарастыруда

БАҚ: Трамп АТЭС саммиті аясында Си Цзиньпинмен кездесу мүмкіндігін қарастыруда

|

|

Вашингтон. 7 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы қазан айының соңында Оңтүстік Кореяның Кенджу қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы CNN телеарнасы сенімді дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна мәліметінше, АТЭС саммиті шеңберінде екіжақты кездесу өткізуге қатысты белсенді талқылаулар жүріп жатыр, алайда әзірге нақты жоспар бекітілмеген.

CNN атап өткендей, өткен айда Си Цзиньпин мен Дональд Трамп арасындағы телефон арқылы сөйлесу барысында ҚХР төрағасы АҚШ президенті мен оның жұбайын Қытайға ресми сапармен келуге шақырған. Өз кезегінде Трамп бұл ұсынысты қолдап, жауап ретінде Қытай көшбасшысын да АҚШ-қа шақырғанымен, нақты күндер келісілген жоқ.

Телеарна сарапшыларының пікірінше, АҚШ президентінің Азия аймағына сапары Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен де қайта жүздесуге мүмкіндік беруі мүмкін. Алайда CNN дереккөздері қазіргі таңда Си Цзиньпинмен кездесуге дайындық басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылып жатқанын атап өтті.

Еске салайық, АТЭС саммиті 2025 жылдың қазан айының соңында Оңтүстік Кореяның Кенджу қаласында өтеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.