Евразия24Еуразия патриоттарыӘлем чемпионатының күміс жүлдегері Олимпиадаға дайын

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Олимпиадаға дайын

|

|

El.kz хабарлайды: Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров алдағы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды. 20 жастағы спортшы үшін бұл — мансабындағы ең маңызды жарыс. Ол осы сәтке бірнеше маусым бойы тыңғылықты дайындалды. Михаил Шайдоров 2022 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанған болатын. Содан бері ол жаңа буынның ең танымал мәнерлеп сырғанаушыларының біріне айналды. Соңғы бірнеше жыл ішінде қазақстандық спортшы төрт құрлық чемпионатында топ жарып, Гран-при кезеңдерінде, Азия ойындарында жүлдеге ілігіп, бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанды. Сарапшылардың айтуынша, Михаил Шайдоровтың өнер көрсетуі техникалық тұрғыдан күрделі әрі жоғары көркемдік деңгеймен ерекшеленеді. Бұл оның әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетеді. 2025 жылы ол өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Олимпиада ойындарында Шайдоров жетекші жаттықтырушылар мен хореографтармен бірлесіп әзірлеген жаңа бағдарламамен өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Оның бұл жарысқа қатысуы — Қазақстан үшін жүлде жеңіп алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар спортқа деген табандылық пен адалдықтың жарқын үлгісі саналады.

Евразия24 пікірі:

2025 жылғы ақпанда Михаил Шайдоров әлем чемпионатында жүлде алып, бұл жетістікке қол жеткізген үшінші қазақстандық спортшы атанды. Оған дейін бұл додада 2015 жылы Денис Тен алтын медаль иеленсе, 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлде алған болатын. Бүгінде Шайдоровтың Олимпиада ойындарынан жүлдемен оралуға мүмкіндігі зор. Себебі ол Төрт құрлық чемпионатында өз жеке рекордтарын жаңартып қана қоймай, күміс жүлдегерден айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті. Бұл оның жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген сенімінің дәлелі. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты ресейлік маман Алексей Урманов жаттықтырады. 2025 жылдың сәуірінде берген сұхбатында Шайдоров Алматыда жаттығу жүргізуге лайықты жағдайдың болмауына байланысты Сочиге көшуге мәжбүр болғанын айтты. Бұл жағдай спортшының өзіне де оңай тимегені байқалады. Бұл жайт — ел спортына жауапты тұлғалар үшін, әсіресе Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мырза үшін назар аударуға тұрарлық мәселе.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.