Евразия24ЖаңалықтарApple компаниясы Intel-ге инвестор болуы мүмкін

Apple компаниясы Intel-ге инвестор болуы мүмкін

|

|

 

Нью-Йорк. 25 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Америкалық Intel корпорациясы (SPB: INTC) Apple компаниясына инвестиция салу және серіктестік орнату туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, келіссөздер әзірге алғашқы кезеңде және оның нақты нәтижеге әкелетініне кепілдік жоқ. Сонымен қатар, Intel басқа да ықтимал инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Intel бұл ақпаратқа түсініктеме бермеді. Apple де сұрауға жауап қатпаған.

Айта кетейік, Apple бұрын өз құрылғыларында ұзақ уақыт Intel чиптерін қолданған. Алайда 2020 жылдан бастап өнімділікті жақсарту мақсатында өз өндірісіндегі процессорларға көше бастады. Бұған дейін, 2019 жылы, Apple Intel-дің модем чиптерін шығаратын бизнесінің негізгі бөлігін сатып алған болатын.

Өткен аптада Nvidia корпорациясының (SPB: NVDA) Intel-ге 5 млрд доллар көлемінде инвестиция құйғаны хабарланған. Сонымен қатар, АҚШ үкіметі компанияның 10% акциясын, ал Жапонияның SoftBank Group корпорациясы 2 млрд доллар инвестиция салғаны белгілі.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Intel акциялары 6,4%-ға қымбаттап, кейінгі сессияда тағы 2,2%-ға өскен. Тамыз айынан бері компанияның нарықтық құны 60%-ға артты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.