Евразия24Еуразия патриоттарыҚазақстан банктері бірыңғай мобильді төлем жүйесіне қосылуға міндеттеледі

Қазақстан банктері бірыңғай мобильді төлем жүйесіне қосылуға міндеттеледі

|

|

Ұлттық банк хабарлайды: Ташкентте өңірлік орталық банктер цифрлық қаржылар мен киберқауіпсіздік мәселелерін талқылады. Қазақстан Ұлттық банкінің Төраға орынбасары Берік Шолпанқұлов Ташкент қаласында өткен төлем жүйелерін дамыту мәселелері жөніндегі кезекті Өңірлік кездесуге қатысты. Кездесуге Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның орталық банктерінің өкілдері де қатысты. Жиын барысында цифрлық қаржы активтерін реттеу, бірыңғай QR жүйесі мен ашық банкингті дамыту, жедел төлемдер және Suptech (қадағалау технологиялары), сондай-ақ киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Евразия24 пікірі:

2025 жылғы мамыр айында цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту және цифрлық активтерді реттеу тәсілдері жөніндегі брифинг барысында Қазақстан Ұлттық банкінің Төраға орынбасары Берік Шолпанқұлов ақша-кредит реттеушісі бірнеше маңызды жобаны іске қосқанын мәлімдеген болатын. Атап айтқанда, Ұлттық төлем жүйесі, алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық орталық, қашықтан биометриялық сәйкестендіру жүйесі, Ашық банкинг платформалары мен Цифрлық теңге жобасы іске қосылған. Осы жылдың мамыр айында Берік Шолпанқұлов банк және банк қызметі туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер жобасын жария еткен болатын. Бұл өзгерістер банктерге клиенттерінің QR-код арқылы төлемдер мен мобильді аударымдарды еш кедергісіз жүзеге асыруына мүмкіндік беру үшін бірыңғай мобильді төлем жүйесіне қосылуды міндеттейді. «Біз банкаралық өзара іс-қимылды тиімді ету, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, бәсекелестікті дамыту мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ еліміздің қаржы секторының егемендігін нығайтуды жоспарлап отырмыз», – делінген Ұлттық банк төрағасының орынбасарының баяндамасында. Жуырда аталған заң жобасы Мәжілісте таныстырылды. Осылайша, Қазақстан Ұлттық банкі өзге Орталық Азия елдерінің қаржы реттеушілері алдында бірқатар нақты нәтижелермен бөлісе алады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 300 мыңға жуық кәсіпорын жабылуы мүмкін

«Өткен жылы жаңа Салық кодексі талқыланған кезде 300 мыңға дейін кәсіпорын мен жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатуы мүмкін деп болжаған едім.

Агрессияның артуына не себеп?

Алматыда 20 тамыз күні №33 бағыттағы автобуста болған жанжал жолаушылар үшін қауіпті жағдайға ұласа жаздады. Екі ер адам арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.

Таң атқанда олар оянды…

Сонымен, Құрылтай сайлауы аяқталды. Ендігі кезекте Үкімет жасақталып, вице-президент пен Халық Кеңесі құрылады. Осымен мемлекеттік билік жүйесін Конституцияға сәйкес қайта құру үдерісі негізінен аяқталмақ. Алда тағы бір кезектен тыс сайлау өтуі де ғажап емес. Бірақ оның болу-болмауы әлемдегі геосаяси ахуалдың қалай өрбитініне және жаңа Үкіметтің жұмысы қаншалықты нәтижелі болатынына байланысты. Сондықтан енді сыртқы факторларды емес, Қазақстан экономикасының өз ішінде қордаланған мәселелерге назар аударайық.

Жасанды интеллект қылмысты әшкерелеуге мүмкіндік береді

«Алматыда Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың «Болашақтағы тәуекелдер мен қатерлер» тақырыбындағы форумы өтті.