Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс Құрылыс кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Құрылыс кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

|

|

АСТАНА. 8 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламентінің Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Құрылыс кодексі» жобасын және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс салаларындағы мәселелер бойынша оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бұдан былай әзірленетін немесе түзетілетін барлық қала құрылысы жобалары, соның ішінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕЖЖ), міндетті түрде кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтетін болады.

Министр бұл шаралардың мақсаты – құрылыс саласындағы қателіктер мен нормалардың бұзылуын болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, адами фактор әсерін азайту және құжат айналымының ашықтығы мен сақталуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Осылайша, барлық қала құрылысы құжаттары тексеріліп, қорғалатын бірыңғай цифрлық жүйе қалыптасады.

Сонымен қатар құрылыс саласында лицензия алған ұйымдардың (қазіргі таңда шамамен 80 мың) электронды тізімі жасалады. Бұл – саладағы тәртіпті нығайту және жалған компанияларды нарықтан шығару үшін қажет.

Кодекс жобасына берілген қорытындыда құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін арттыру ұсынылған. Атап айтқанда, нысандардың кепілдік мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін ұзартылып, мүгедектігі бар адамдар үшін ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету нормалары қарастырылған.

Мемлекеттік бақылау күшейтіліп, құрылыс саласындағы мамандарды міндетті сертификаттау енгізіледі және сейсмикалық қауіпті аймақтар үшін арнайы нормалар белгіленеді.

Құрылыс кодексі жобасында сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жеке тарау енгізу көзделген. Онда құрылыс жұмыстарының барлық кезеңінде – жер телімін таңдаудан бастап, ғимаратты пайдалануға беруге дейін – жер сілкінісі қаупі ескерілуі тиіс екені айтылған. Жаңа нысандарды жобалауда сейсмоизоляциялық технологияларды қолдану және ғимараттарды сейсмотұрақтылыққа міндетті түрде сынақтан өткізу ұсынылады.

Ілеспе түзетулер заңнамалық қайшылықтарды жойып, реттеуші актілерді нақтылау және жеңілдету арқылы құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруды мақсат етеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.