Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанның Ұлыбританиядағы бұрынғы елшісі АҚШ-тағы елшілікті басқаруға тағайындалды

Қазақстанның Ұлыбританиядағы бұрынғы елшісі АҚШ-тағы елшілікті басқаруға тағайындалды

|

|

Астана. 20 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа Төтенше және Өкілетті елшісі болып Мажан Ілиясов тағайындалды, деп хабарлады дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ілиясов Мажан Жанботаұлы Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ілиясов Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі, Исландия мен Ирландиядағы (қоса атқарушы) елшісі қызметінен босатылды.

51 жастағы Ілиясов 1996 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, 2013 жылы Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін тәмамдаған.

Ол дипломатиялық қызметін 1996 жылы референт лауазымынан бастап, кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар Бас басқармасында атташе ретінде жалғастырған. 1998–1999 жылдары БҰҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасында үшінші, одан кейін екінші хатшы болып қызмет атқарды.

1999–2003 жылдары Президент әкімшілігінің протокол қызметінде кеңесші, 2003–2005 жылдары Президент әкімшілігінің ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас сарапшысы болды. 2005–2012 жылдары Президент әкімшілігінің сыртқы саясат орталығында қызмет етті. 2013–2016 жылдары Президент кеңесшісі – сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болды. 2016–2020 жылдары Қазақстанның Нидерландтағы елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарды. 2020–2022 жылдары Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болды. 2022 жылдан бері Ұлыбритания, Ирландия және Исландиядағы елшілік қызметін атқарды.

Ілиясов – Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесінің иегері, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Айта кетейік, Қазақстанның АҚШ-тағы алдыңғы елшісі Ержан Ашықбаев қыркүйек айының соңында бұл қызметтен босатылып, қазан айында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.