Евразия24ЖаңалықтарЕО Ресей активтерін пайдалану тетігін тапты

ЕО Ресей активтерін пайдалану тетігін тапты

|

|

Еуроодақ Украинаға көмек беру үшін Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану бойынша нақты шешімге келген секілді. Бұл туралы Польшаның сыртқы істер министрінің орынбасары Игнаций Немчицкий мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – «репарациялық несие» тетігі, яғни Украина ЕО-дан несие түрінде қаржы алады, ал ол қаражат Ресей Орталық банкінің Еуроодақ аумағында бұғатталған активтерінен алынады.

Қазіргі таңда бұл активтердің көп бөлігі Бельгияда орналасқан Euroclear қаржы ұйымында сақталған. Аталған несие Украинаға беріледі, ал оның қайтарымы соғыс аяқталған соң жүзеге асады.

Еурокомиссияның есебінше, жаңа қаржылық тетік 2026 жылдан бастап үш жыл ішінде Украинаға жыл сайын шамамен 45 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие ЕО елдерінің мемлекеттік кепілдіктерімен қамтылып, Ресей активтері қандай да бір себеппен босатылған жағдайда Еуроодақты қаржылық қауіптерден сақтандыру көзделіп отыр.

«Біз Еуроаймақ елдерінің кейбірі заң бұзбай, ережелер шеңберінен шықпауға тырысатынын түсінеміз. Бірақ сонымен қатар Украинаға нақты көмек қажет. Осыны ескере келе, біз бәріне тиімді шешім таптық», – деді Немчицкий.

Ол бұл мәселе талқылау деңгейінен нақты іске көшу сатысына жақындап қалғанын айтып, процесті сабырмен қабылдауға шақырды. Бұған дейін ЕО-ның сыртқы саясат бойынша өкілі Кая Каллас та Украинаға көмек көрсету тетігі бойынша айтарлықтай алға жылжу бар екенін айтқан. Оның айтуынша, бұл мәселе 23 қазанда өтетін ЕО саммитінде ресми түрде жариялануы мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Балаңыз кімге ұқсағанын қалайсыз? Қазақстандағы Ұлттық идеология қандай?

Бүгінгі ұрпақ кешегі аңыздан неге мақұрым? «Өткеніңді білмей, келешегің кемелденбейді» деп жатады ел ағалары. Бәлкім, мәселе өскелең ұрпаққа насихаттың жетіспеуінде шығар? Қытайда жақында осы сұраққа өзгеше жауап беретін бір бастама пайда болды. Шаньдун провинциясындағы бірқатар сауда орталықтары мен қоғамдық орындардағы ірі LED-экрандарда бұрынғы коммерциялық жарнамалардың орнына елге еңбегі сіңген ғалымдар мен зерттеушілердің портреттері көрсетіле бастады.

Үндістанда қант өндірісі келесі маусымда 29 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін

Үндістанда 2026 жылғы қазаннан 2027 жылғы қыркүйекке дейінгі маусымда 29–31 млн тонна қант өндірілуі мүмкін. Bloomberg сауалнамасына қатысқан сарапшылар, трейдерлер мен сала өкілдері осындай болжам жасап отыр.

АҚШ-тағы инфляция деректері қарсаңында доллар бағамы қымбаттады

Жұма күнгі саудада АҚШ доллары еуроға шаққанда нығайып, фунт стерлингке қатысты айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенаға шаққанда арзандады.

Азия-Тынық мұхиты елдерінің қор нарықтары аптаны төмендеумен аяқтады

Жұма күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі негізгі қор индекстері төмендеді. Нарыққа мұнайдың қымбаттауы мен әлемдік мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуі қысым түсірді.