Евразия24ЖаңалықтарМәскеу мен Вашингтон басшыларының Будапешттегі кездесуі Венгрия үшін шешуші маңызға ие

Мәскеу мен Вашингтон басшыларының Будапешттегі кездесуі Венгрия үшін шешуші маңызға ие

|

|

Орбанның айтуынша, Украинадағы соғыстың үш жылында Венгрия 9,1 млрд форинт (23,1 млрд еуро) жоғалтқан. «Бұл әрбір венгр отбасына шаққанда 2 миллион форинт немесе 5 мың еуроға жуық шығын әкелді. Энергия бағасы шарықтап, инфляция өсті. Ресейге салынған санкциялар Венгрия экономикасына кері әсер етті – сауда көлемі қысқарып, пайыздық мөлшерлемелер жоғарылады. Сондықтан Будапештте өтеді деп жоспарланған саммит – еліміздің тіршілік етуі тұрғысынан аса маңызды», – деді ол сербиялық RTRS телеарнасына берген сұхбатында.
Премьер-министр бұл кездесудің сәтті өтуі үшін Венгрия өз мүмкіндігінің барлығын пайдаланатынын мәлімдеді.

Өткен бейсенбіде Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен Дональд Трамп екіжақты кездесу туралы уағдаластыққа келгенін айтқан еді. Ал Орбан бұл саммитті ұйымдастыру үшін арнайы комитет құруды бұйырған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.