Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарАгробанк: тиімді шешім бе, әлде тәуекел ме?

Агробанк: тиімді шешім бе, әлде тәуекел ме?

|

|

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың айтуынша, агробанк құру мәселесі әлі де талқылануда. Ауыл шаруашылығы саласының өкілдері бұл құрылым арзан несие алуға мүмкіндік береді деп ойлайды. Ал реттеуші органдар керісінше, проблемалы несиелер көбейіп, тәуекел шоғырланады деп алаңдайды. Қаржы институттарына да бұл бастама ұнамайды, себебі олар ауыл шаруашылығын несиелеуден түсетін пайдадан айырылуы мүмкін. Агроөнеркәсіпті қаржыландырып отырған қазіргі құрылымдар да қолдай қоймайды: талап күшейеді, бақылау артады, ашықтық сұралады. Салада қалыптасқан жағдай өзекті қайшылықты көрсетеді: мемлекет қаржы құюды көбейткенімен, нәтижесі көңіл көншітпейді. Аграрлық сектор өкілдері қаражат жетіспейді дегенмен, бөлінген субсидияның елеулі бөлігі бірден талан-таражға түсуде. Үкімет ішкі нарықты толықтыру мен агроэкспортты ынталандыру арасындағы тепе-теңдікті таба алмай отыр».

 

Евразия24 пікірі:

2023 жылы желтоқсанда Мәжілісте агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткен кезде, Ұлттық банк төраға орынбасары Виталий Тутушкин елімізде ауыл шаруашылығын несиеге қаржыландыруға бағытталған институттардың бұрынғы тәжірибесін еске салды . Оның айтуынша, мұндай бастамалардың көпшілігі сәтсіз аяқталған. Мысалы, 2000 жылы ҚазАгроПромБанк банкротқа ұшырады, ҚазАгро да оң нәтиже көрсете алмады. Сондай-ақ әмбебап қаржы ұйымдары саналса да, несие портфелінде ауыл шаруашылығы жобаларының үлесі жоғары болған «Delta Bank» пен «Цеснабанк» қызметі де ауыр сабаққа айналды. Бұған дейін Ұлттық банктен бөлек Ұлттық экономика министрлігі де агробанк құру туралы пікір білдірген еді. Сол кезеңде вице-министр қызметін атқарған Тимур Жақсылықов «мамандандырылған аграрлық банк құрудың экономикалық негізі жоқ» деген ұстанымын білдірді. Себебі ондай банк аграрлық секторға арзанырақ несие ұсына алмайды, керісінше, пайыздық мөлшерлемелер нарықтағы деңгейге жақын болады. Осыны ескере отырып, агробанк құру идеясын жиі көтеретін «Ауыл» партиясының бұл бастаманы мемлекеттік деңгейде дәлелдеуі екіталай. Бюджеттік тәуекелдері жоғары қаржы институтын ашуға үкіметтің келісім бере қоюы күмәнді.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.