Евразия24UncategorizedҚазақстанда археологиялық ескерткіштерге арналған бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады

Қазақстанда археологиялық ескерткіштерге арналған бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады

|

|

Астана. 29 қазан. Интерфакс-Қазақстан – Мәжіліс бүгінгі пленарлық отырыста «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжат президент тапсырмаларын орындау мақсатында депутаттардың бастамасымен әзірленген. Заң жобасы археологиялық қызметті жүйелеуге және тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған.

Негізгі ұсыныстар бойынша археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру тәртібі жаңартылады. Сонымен қатар зерттеулер қаржыландыру көздеріне қарай – жоспарлы және алдын алу (жоспардан тыс) болып бөлінбек.

Ел аумағындағы ескерткіштер мен археологиялық нысандар туралы деректерді біріздендіру үшін біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру көзделген. Археологиялық зерттеулерді үйлестіруді және ғылыми-әдістемелік қолдауды Ұлттық археология қызметі қамтамасыз етеді. Оның жұмысын Марғұлан атындағы Археология институты үйлестірмек.

Сондай-ақ, заң жобасында бүкіл ел көлемінде табылған жаппай археологиялық олжалар мен материалдарды Ұлттық депозитарийге тапсырып, орталықтандырылған түрде сақтау және есепке алу міндеттеледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Францияда аптап ыстыққа байланысты дүйсенбіде 845 мектеп пен колледж жабылады

Францияда рекордтық аптап ыстықтың салдарынан дүйсенбі күні елдің бірқатар өңірінде 845 мектеп пен колледждің жұмысы уақытша тоқтатылады.

АҚШ делегациясы Швейцарияда Пәкістан премьер-министрі және армия басшысымен кездесті

АҚШ делегациясы Иранмен өтетін келіссөздер алдында Швейцарияның Бюргеншток елді мекенінде пәкістандық делдалдармен кездесті.

Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан президенті әкімшіліктері арасындағы ықпалдастықты дамытудың маңызын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекет басшылары әкімшіліктері деңгейіндегі белсенді өзара іс-қимылды дамытуды қолдайтынын мәлімдеді.

Тоқаев 22–23 маусымда Брюссельге ресми сапармен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22–23 маусым күндері Брюссель қаласына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.