Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарСирек металдар – жаңа экономикалық күштің валютасы

Сирек металдар – жаңа экономикалық күштің валютасы

|

|

Atameken Business хабарлағандай, Үкімет сирек жер металдарын өндіру және қайта өңдеу жобаларын қолдауға 1 млрд доллар бағыттайды. Жаңа бағдарлама аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетіледі. Бағдарлама шарттарына сәйкес, ең төменгі қаржыландыру көлемі 5 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Қаражат кез келген валютада — доллар, еуро, юань және басқа валюталармен — 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сонымен қатар, қаржыландыруды ұйымдастыру мен оның шарттарын өзгертуге арналған комиссия алынып тасталады, сондай-ақ жеңілдік кезеңі қарастырылған. Қаржыландыру металлургия саласындағы, соның ішінде өңдеу тізбегі бар тау-кен-металлургия кешеніне бағытталады. Несие алушылар үшін басты талаптардың бірі – қорлардың халықаралық JORC кодексіне сай расталуы. Қаржыландыруға енгізілген тізімге сирек жер металдары — лантаноидтар, скандий, иттрий, сондай-ақ литий, кобальт, вольфрам, германий, галлий, графит сияқты жоғары технологиялар, «жасыл» энергетика және электроника өндірісінде кеңінен қолданылатын стратегиялық материалдар кіреді.

 

Евразия24 пікірі:
Енді Қазақстанның нақты қандай инвесторларды тартуға мүдделі екені біршама айқындала түсті. Ел үкіметі оларға заңнамалық тұрақтылықты 25 жыл мерзімге дейін кепілдендіретінін мәлімдеп отыр. Бұл туралы біз бұған дейін де жазған едік . Осы тұрғыда АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Кристофер Ландаудың Қазақстанға сапары да өз мәнін таба бастағандай. Сондай-ақ, 6 қарашада Вашингтонда өтетін «Орталық Азия – АҚШ» форматындағы саммиттің де маңызы арта түскені анық. 2025 жылғы 21 тамызда премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте  елге сирек және сирек жер металдары саласын дамыту мақсатында өндіріс пен инфрақұрылымды жаңғырту, геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту, өңдеу технологияларын жетілдіру және ғылыми-зерттеу базасын нығайту қажет екені айтылған болатын. Бұған дейін, 2025 жылдың ақпан айында, сол кездегі өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АҚШ, Еуроодақ және Қытай компаниялары Қазақстандағы сирек жер элементтері мен сирек металдар кен орындарына мемлекеттік аукциондар арқылы қатыса алатынын мәлімдеген еді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.