Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістерді мақұлдады

Мәжіліс жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістерді мақұлдады

|

|

Астана. 5 қараша. – Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, қабылдады.
Заңның негізгі мақсаты – көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына басымдық беру арқылы инвестициялық тартымдылықты арттыру, сондай-ақ уран саласында мемлекеттің мүдделерін қорғауды күшейту.
Мәжілістің экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, екінші оқылымға дайындық кезінде депутаттар мен жұмыс тобы бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқанда, тұтқырлығы жоғары, битуминозды және тақтатасты мұнай қорлары бар технологиялық күрделі кен орындарын игеруге қатысты ерекше құқықтық режим енгізу ұсынылды.
Сонымен қатар, өндіру учаскелерін толық барлау мақсатында жер қойнауы учаскесінің төменгі тереңдік шекарасын жабық контурларды өзгертпей, 5 мың метрге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыратын түзету енгізілді.
Геологиялық ақпаратты жүйелеу үшін депутаттар жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға қорларды жіктеу жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ дәстүрлі емес көмірсутектерді қоса алғанда, пайдалы қазбалардың қорларын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту функциясын бекітуді ұсынды.
Сонымен бірге, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органнан көмірсутек саласындағы уәкілетті органға қорларды есептеу функциясын беру мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту көзделді.
Газ ресурстарының тапшылығын өтеу үшін жұмыс істеп тұрған газ кен орындары орындалмаған жұмыс көлемін келесі кезеңдердің міндеттемелеріне енгізу шартымен, қиын жобалар бойынша жаңартылған үлгілік келісімшартқа көшу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ, депутаттар келесі нормаларды енгізуді ұсынды:
•бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының мүлкін көмірсутектер немесе уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беру тетігі;
•мүліктің құнын бағалау әдістемесін айқындау тәртібі;
•жер қойнауын игеруді тоқтату және учаскені консервациялау мерзімдерін белгілеу және оларды жер қойнауын пайдаланушының бақылауынан тыс себептер бойынша ұзарту мүмкіндігі;
•мұнай өндіруді арттырудың арнайы әдістерін пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушыларды қолдау шаралары.
Бұған дейін Еділ Жаңбыршин аталған заңның қабылдануы Қазақстанға шамамен 1 млрд доллар көлемінде жаңа инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.
Қабылданған заң енді Сенаттың қарауына жіберіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қымбатшылықтың көрінбейтін салмағы

Дүкенге кіргенде бұрын 10 мың теңгеге толтырып шығатын сөмкеңіз қазір неге жартылай ғана толады? Бұрын ұсақ көрінген бірнеше жүз теңгелік айырмашылық бүгін отбасы бюджетінің ең үлкен мәселесіне айналып барады. Нан қымбаттайды, еттің бағасы өседі, киім алу қиындайды. Ал ай соңында жалақы түскен күні қуаныштан бұрын есеп басталады: азық-түлікке қанша, жолға қанша, балаға қанша, несиеге қанша, коммуналдық төлемге қанша қалады?Қымбатшылықтың ең ауыр салмағы да - осында.

Тайвань Қытай әскерінің қозғалысын жедел анықтайтын жасанды интеллект жүйесіне тапсырыс берді

Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тунисте президент саясаты мен экономикалық жағдайға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр

Сенбі күні Тунисте президент Каис Саидтың саясатына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.