Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Армения арасындағы қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейіне шықты

Қазақстан мен Армения арасындағы қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейіне шықты

|

|

Астана. 21 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Армения – Қазақстанның маңызды әрі сенімді серіктесі, ал екіжақты қарым-қатынастар берік достық пен өзара құрметке негізделген. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

“Қазақстан мен Армения арасындағы байланыстар стратегиялық әріптестік деңгейіне шығып отыр. Бұл жөнінде біз қол қойған Бірлескен мәлімдемеде айтылған. Сөзсіз, бұл шешім екі ел арасындағы достықты нығайтып, жан-жақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашады”, – деді Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен бірлескен брифинг барысында Астанада.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Армения мен оның халқына айрықша ықыласпен қарайтынын атап өтті. Сондай-ақ армян халқының терең тамырлы тарихына, бай мәдениеті мен дәстүрлеріне үлкен құрметпен қарайтынын айтты.

“Осы құндылықтар негізінде барлық саладағы өзара іс-қимылымыз біртіндеп дамып келеді. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Бұған өткен жылы Арменияға жасаған ресми сапарымның қорытындылары мен бүгінгі келіссөздердің нәтижелері дәлел”, – деді Тоқаев.

Қазақстан президенті Тоқаев Пашинянның Астана мен Ереван арасындағы қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

“Никол Воваевич Пашинян – халықаралық қауымдастықта кеңінен танымал мықты көшбасшы, көреген саясаткер және көрнекті мемлекет қайраткері”, – деді ол.

Өз кезегінде, Пашинян Армения тарапынан түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

“Қазақстан біз үшін аса маңызды ел, себебі осы маңызды кезеңде біздің сыртқы істер министріміз бен Әзербайжан сыртқы істер министрі арасында Алматыда кездесулер өтуіне мүмкіндік туды. Бұл біз үшін аса маңызды. Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік Алматы декларациясына негізделгені жасырын емес. Бұл құжаттың нақты саяси мәні мен символдық маңызы бар. Армения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар ресми сапарымның нәтижесінде стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгеніне өте қуаныштымын. Бұл – аймақтық ынтымақтастығымыздың жаңа сатыға көтерілгенінің белгісі”, – деді Армения премьер-министрі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.