Евразия24ЖаңалықтарУшаков: әңгімелердің жариялануына Ресейдің қатысы жоқ

Ушаков: әңгімелердің жариялануына Ресейдің қатысы жоқ

|

|

Мәскеу. 26 қараша. ИНТЕРФАКС – Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен арадағы әңгімелердің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына ресейлік тараптың қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Мен білмеймін. Біреулер әдейі жариялап отыр, біреулер тыңдаған шығар, бірақ бұл біз емес», – деді ол «Россия 1» (ВГТРК) телеарнасының «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасының жүргізушісі Павел Зарубинге берген сұхбатында.

Журналист Ушаковтың бұл жауабын өз Telegram-арнасында жариялады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамптың қадамы Таяу Шығыстағы ядролық бәсекені күшейте ме?

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының ядролық бағдарламасын дамытуға қатысты келісімді мақұлдады. Алайда құжатта маңызды талаптың бірі қамтылмаған. Атап айтқанда, Эр-Риядтан МАГАТЭ-нің Қосымша хаттамасына қосылу талап етілмейді. Бұл хаттама ұйым инспекторларына ядролық қару жасауға пайдаланылуы мүмкін декларацияланбаған нысандарды тексеруге мүмкіндік береді. Дәл осы талаптың орындалмауы АҚШ пен Израильдің Иранға қатысты ұстанымының негізгі уәждерінің бірі болған еді.

БЖЗҚ-ның бүгінгі ахуалы: халық сенімі әлсіреді ме?

Еуразия24 редакциясы бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланған Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге жедел үн қатқан болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық банк және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) бірлесіп әзірлеген бұл түзетулердің салдары аталған ведомстволардың құзыретімен ғана шектелмейді

Мұнай нарығындағы тосын жағдай: баға өсіп, өндіріс төмендеді

Мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілгенімен, Қазақстан үшін әзірге оның пайдасы аз. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы маңындағы танкерлерге жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылынан кейін қазақстандық мұнайды негізгі экспорттық бағыт арқылы жөнелту тоқтатылды.

«Әділет» бағдарламасының өзегі – адам

Қазақстанда Құрылтай сайлауының науқаны басталды. Енді саяси партиялардың сайлаушыларға қандай жаңа бастамалар ұсынатыны қызығушылық тудырады. Мәселен, біз «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын зерделеп шықтық.