Евразия24ЖаңалықтарТайвань қару сатып алуға $40 млрд бөлмек

Тайвань қару сатып алуға $40 млрд бөлмек

|

|

26 қараша, Гонконг. ИНТЕРФАКС — Тайвань билігі қару-жарақ сатып алуға 40 миллиард АҚШ доллары көлемінде арнайы бюджет бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы 26 қараша күні Associated Press агенттігі хабарлады. Тайвань әкімшілігінің басшысы Лай Циндэ сәрсенбі күні аталған бастаманы жария етіп, бөлінетін қаржының бір бөлігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін (ПВО «куполын») құруға бағытталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қытай тарапынан Тайвань мен жалпы Индо-Тынық мұхиты аймағына төнетін қауіп-қатер күшейіп отыр. Осыған байланысты Тайвань өзінің қорғаныс қабілетін арттырып, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша жауапкершілік алуға дайын екенін көрсетуі тиіс.

Арнайы бюджет жыл сайын бекітілетін қорғаныс шығындарынан бөлек ұсынылып отыр және оны енді Тайваньның заң шығарушы органдары мақұлдауы қажет.

Еске сала кетейік, Тайвань мәселесі 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін туындады. Сол кезде Қытайдағы Гоминьдан партиясының бір бөлігі Тайвань аралына қоныс аударып, онда өзін Қытай Республикасының үкіметі деп жариялады. Қытай Халық Республикасы «біртұтас Қытай» қағидатын ұстанып, халықаралық қауымдастықтың ҚХР мен Тайваньды бір уақытта мойындауына үзілді-кесілді қарсы. Алайда әлемнің көптеген ірі мемлекеттерінде Тайбэйдің бейресми мәдени және экономикалық өкілдіктері жұмыс істейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Пикакс тауындағы жерасты нысанының қорғанысын күшейтіп жатыр

Иран Пикакс тауының астындағы ядролық бағдарламамен байланыстырылатын нысанның кіреберістерін қосымша бекіте бастаған. Вашингтондағы Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институты (ISI) 11 қыркүйекте түсірілген спутниктік суреттерді зерттеп, осындай қорытындыға келді.

SpaceX 28 қыркүйекте Starship-ті алғаш рет Жер орбитасына ұшырады

Ай мен Марсқа адам ұшыру үшін жасалып жатқан Starship ғарыш кемесі 28 қыркүйекте алғаш рет Жер орбитасына шығады. SpaceX мәліметінше, бұл жолы кеме бұған дейінгі сынақтардағыдай суборбиталық бағытпен шектелмей, Жерді толық айналып ұшады.

Азия қор нарықтарының басым бөлігі өсіп жатыр

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі жоғарылап келеді. Австралия нарығында ғана аздаған төмендеу байқалды.

Еурокомиссия Украинаға дрондар мен зымырандар сатып алуға 3,3 млрд еуро бөледі

Еуропалық комиссия Украинаға қару-жарақ сатып алуға 3,3 млрд еуро аударатынын мәлімдеді. Қаражат Украинаға қолдау көрсетуге арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасы аясында жұма күні Киевке беріледі.