Министрлік бизнес-жоспар

|

|

Informburo.kz хабарлайды: Өндіріс саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу қазақстандық кәсіпорындарға өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаєв мәлімдеді. Министрдің айтуынша, заманауи технологиялар ресурстарды тиімді пайдалануға, өндірістік шығындарды азайтуға және қол еңбегіне деген қажеттілікті төмендетуге ықпал етеді. Әлемдік тәжірибе кейбір салаларда жасанды интеллект адамның орнын ішінара алмастыра бастағанын көрсетіп отыр. Алайда Қазақстан үшін басты міндет — жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтуды әртараптандыру болып қала береді. Ерсайын Нағаспаевтің пікірінше, цифрландыру өнім сапасын жақсартып, оның қолжетімділігін арттырады: өндіруші неғұрлым көп болса — бәсеке күшейеді; бәсеке артса — баға төмендеп, сапа өседі; ресурстар, энергия мен еңбек шығындарының азаюы — өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әкеледі.

 

Евразия24 пікірі:

Бізге министр Ерсайын Нағаспаевтың мәлімдемесі шындықтан алшақ болып көрінді. Ол жасанды интеллектіні қолдану арқылы өндірістегі еңбек шығындарын азайтып, экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады деген тұжырым айтады, алайда артынша бұл ықтимал тиімділікті жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттілігі туралы әлеуметтік реңктегі мәлімдемемен жоққа шығарады. Мұндай жағдайда мемлекет үшін қайсысы маңыздырақ: азаматтарды еңбекпен қамту ма, әлде толық цифрландыру саясатын іске асыру ма? Егер министр шынымен де еңбек шығындарын азайту нәтижесінде елімізде өндіріс орындары көбейіп, жұмыспен қамту мәселесі шешіледі деп меңзесе, бұл екі процестің арасында тікелей байланыс жоқ. Себебі цифрландыру барысында жабдықтар сатып алу, бағдарламалық қамтамасыз ету, кадрларды оқыту сияқты бастапқы инвестициялық шығындар бизнеске кей жағдайда өнімді қолмен өндіру шығындарынан да қымбатқа түсуі мүмкін. Сонда жаңа өндірістер қандай негізде құрылуы тиіс? Министр бұл үдерісті бәсекемен байланыстырып отыр. Алайда қазіргі таңда кәсіпкерлерде мұндай жаңғыртуға қаржы жоқ: несиелер қымбат, ал жеңілдетілген бағдарламаларға қатысу үшін күрделі талаптардан өту керек, кепілсіз мүлкі жоқтар үшін бұл мүлде мүмкін емес. Мұндай жағдайда цифрлық жаңғырту қалай жүзеге асады? Өнеркәсіп және құрылыс министрінің логикасы теориялық тұрғыдан мінсіз көрінуі мүмкін, бірақ шынайы экономика жағдайында бұл көзқарас сенім тудырмайды.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Эритреямен құпия келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Африка жөніндегі кеңесшісі Масад Булос Вашингтонның Эритреямен үшінші бір елге қарсы бағытталған құпия келісім жасауға ниетті екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты арзандап жатыр

Сәрсенбі күнгі сауда барысында АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және жапон иенасына қатысты құнын төмендетті.

Иран ХАМАС қабылдайтын кез келген шешімді қолдайды

Иран президенті Масуд Пезешкиан ХАМАС саяси бюросының жетекшісі Халил әл-Хайямен телефон арқылы сөйлесіп, Газа секторындағы жағдайды реттеу жөніндегі Израильмен келіссөздер барысында қозғалыс қабылдайтын кез келген шешімді Тегеран қолдайтынын мәлімдеді.

Тоқаев «Бәйтерекке» ШОБ-ты қолдау мен баспананың қолжетімділігін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдап, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейтуді, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға баса назар аударуды тапсырды.