Евразия24ЖаңалықтарҚоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім киюге әкімшілік жауапкершілік енгізіледі

Қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім киюге әкімшілік жауапкершілік енгізіледі

|

|

Астана. 3 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сәрсенбі күнгі жалпы отырысында «Құқықбұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұрын хабарлауынша, құжаттың мақсаты – құқықбұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою арқылы профилактикалық жүйені жетілдіру.

Оның айтуынша, бес заңның нормалары біріктіріліп отыр:
– «Құқықбұзушылықтардың профилактикасы туралы»;
– «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы»;
– «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы, балалардың қараусыз және панасыз қалуын алдын алу туралы»;
– «Бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік бақылау орнату туралы»;
– «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы».

«Профилактикалық шаралар барлық деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс. Аймақтардағы құқықтық тәртіптің жай-күйіне әкімдердің ұжымдық жауапкершілігі енгізіледі. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде, мәслихаттар олардың есептерін тыңдау арқылы, ал жергілікті қауымдастықтардың рөлі арта түседі. Профилактика субъектілерінің тізімі кеңейтіліп, олардың идеологиялық, түсіндіру және тәрбиелік жұмыстар, бейімдеу мен оңалту, цифрлық шешімдерді енгізу бойынша нақты өкілеттіктері айқындалады», – деді Саденов.

Заң жобасында құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәртебесі де күшейтіледі. Бұдан былай комиссияның құрамы мен өкілеттіктері Президент актісімен бекітіледі, ал оның қызметіне баға Ұлттық баяндама арқылы беріледі.

Сонымен қатар Мәжіліс құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі заңдарға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске ілеспе өзгерістерді де қабылдады.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қорытындысына сәйкес, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер аясында қоғамдық орындарда бетті жауып, тануға кедергі келтіретін киімді (никаб) киюге әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.
Бірінші рет бұзғаны үшін ескерту жасалады, ал қайталанған жағдайда – 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. (Қазақстанда 1 АЕК – 3932 теңге).

Сонымен қатар, заңға қайшы контентті орналастыру және тарату үшін де жауапкершілік енгізіледі.

Құжаттар Сенаттың қарауына жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.