Евразия24ЖаңалықтарЕурокомиссия Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Украинаға 165 млрд еуро көлемінде несие беруді...

Еурокомиссия Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Украинаға 165 млрд еуро көлемінде несие беруді ұсынды

|

|

Брюссель. 3 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Еуропалық комиссия (ЕК) Ресейдің бұғатталған активтері есебінен Украинаға 165 млрд еуро көлемінде «репарациялық несие» беру туралы бастама дайындады, деп жазады сәрсенбі күні Politico басылымы өзінің қолындағы құжаттарға сілтеме жасап.

«ЕК Бельгияда сақталған Ресейдің бұғатталған мемлекеттік активтерінің ақшалай баламасын пайдаланып, Украинаға 165 млрд еуро көлемінде “репарациялық несие” ұсынуда», – делінген жарияланымда.

Politico мәліметіне сәйкес, 165 млрд еуро көлеміндегі жоспарланған несиеге Ресейдің ЕО-дағы жеке банктердегі есепшоттарында бұғатталған 25 млрд еуро көлеміндегі активтері және Бельгиядағы Euroclear депозитарийінде сақталған 140 млрд еуро кіреді.

Басылымның жазуынша, бұл «репарациялық несие» Киевтің алдағы жылдардағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған 210 млрд еуроға дейінгі кең ауқымды қаржылық пакетінің бір бөлігі болып табылады.

Ұсыныс 18–19 желтоқсанда Брюссельде өтетін ЕО саммитіне дейін «техникалық келіссөздердің бастапқы негізі» ретінде қарастырылып отыр.

Жоспар бойынша: 115 млрд еуро – Украинаның қорғаныс өнеркәсібін қаржыландыруға; 50 млрд еуро – Киевтің бюджеттік қажеттіліктерін жабуға; 45 млрд еуро – G7 елдерінен Украинаға берілген қарыздарды 2024 жылдан бастап өтеуге бағытталмақ.

Бұған дейін ЕК Ресейдің Бельгия аумағындағы Euroclear депозитарийінде сақталған 140 млрд еуро көлеміндегі бұғатталған активтерін Украинаға көмек ретінде пайдалануды жоспарлаған еді.

Алайда бұл бастамаға Бельгия қарсы шықты. Елдің сыртқы істер министрі Максим Прево сәрсенбі күні ЕО Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану жөніндегі Бельгияның алаңдаушылығын ескермей отырғанын мәлімдеді.

«Бізге Euroclear және Бельгиямен тәуекелдерді бөлуге қатысты нақты кепілдіктер қажет (…). Біздің алаңдаушылығымыз заңды әрі негізді. Қаржылық қауіп-қатер алдында жалғыз қалуымызға болмайды», – деді министр.

Financial Times басылымы Еуропалық орталық банк репарациялық несие аясында Киевке қаражат беру ісінде қаржылық кепілгер болудан бас тартқанын хабарлады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.