Евразия24Еуразия патриоттарыҚазақстан экономикасы: 2026–2028 жылдарға арналған ұстамды болжам

Қазақстан экономикасы: 2026–2028 жылдарға арналған ұстамды болжам

|

|

Еуразиялық даму банкі хабарлайды: «ЕДБ талдаушылары 2026 жылы Қазақстан экономикасының тұрақты өсімі 5,5 пайыз деңгейінде сақталады деп болжайды. Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды іске асыру және “Инвестицияларға тапсырыс” атты мемлекеттік бағдарламаның іске қосылуы мұнай бағасының төмендеуінен туындайтын теріс әсерді әлсіретеді. Сондай-ақ экономиканы шикізатқа тәуелсіз экспорт көлемінің артуы қолдайды. Қосылған құн салығының өсуі аясында 2026 жылдың басында инфляция ең жоғары шегіне жеткеннен кейін, оның біртіндеп төмендеуі болжануда. Сонымен қатар, салыстырмалы түрде қатаң ақша-несие саясаты 2026 жылдың соңына қарай инфляцияны 9,7 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. ЕДБ талдаушыларының бағалауынша, 2026 жыл бойындағы теңгенің орташа айырбас бағамы бір АҚШ долларына шаққанда 535 теңге деңгейінде қалыптасады. Айырбас бағамын қолдайтын негізгі факторлар ретінде базалық мөлшерлеменің жоғары деңгейі мен шикізаттық емес экспорттың өсуі аталады. Орта мерзімді кезеңде Қазақстан экономикасы жаңа бюджет қағидаттарына бейімделеді, ал базалық мөлшерлеме біртіндеп төмендей бастайды. Әлемдік мұнай нарығындағы төмен бағалардың теріс ықпалы 2027 жылдың соңына қарай әлсірей түседі. Қазақстан экономикасы ішкі өсу көздеріне арқа сүйеуді жалғастырады: инвестициялық әлеуетті нығайту, өңірлерді дамыту және өсімді қамтамасыз ететін жаңа салалық қозғаушы күштерді іске қосу», – делінген баяндамада.

 

Евразия24 пікірі:

2026–2028 жылдарға арналған Еуразиялық даму банкінің макроэкономикалық болжамы бойынша есепті зерделей отырып, мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады. Қазақстан экономикасына қатысты бағалаулар барынша сақтықпен берілген: экономикалық өсімге, болашақтағы базалық мөлшерлеме деңгейіне және инфляция көрсеткіштеріне қатысты болжамдар ұстамды сипатқа ие. Нақты сектор мен шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесі алдағы кезеңде де шектеулі болып қала береді. Негізгі қозғаушы күштер ретінде дәстүрлі түрде мұнай-газ саласы, жоғары мемлекеттік шығыстар және квазимемлекеттік сектордың инвестициялары сақталады. Инфляцияның құрылымдық сипатына байланысты, ЕДБ талдаушылары оның айтарлықтай төмендеуін 2027 жылдан бастап күтеді. Теңге бағамын ұстап тұру қажеттілігіне байланысты «қымбат қаржы» тәртібі де ЕДБ болжамы бойынша 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Сарапшылар келесі жылдың соңына қарай базалық мөлшерлеме деңгейін 14 пайыз шамасында бағалап отыр. Бұл ретте халықтың инфляциялық күтулері тіпті ең пессимистік болжамдардан да жоғары болып қалыптасуда, бұл жөнінде бұрын бірнеше рет айтылған. Талдаушылар алдағы жылдары экономиканың тұрақты өсу қарқынына қайта оралуын жоққа шығармайды. Алайда егер бұл тұрақтылық құрылымдық өзгерістердің емес, бюджеттен құйылатын қаржының есебінен қамтамасыз етілсе, яғни экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес экспортты арттыру немесе жоғары технологиялы өндірістерді дамыту жүзеге аспаса, сапалы экономикалық өсімге қол жеткізу қайтадан мүмкін болмай қалуы ықтимал.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Партиялар Құрылтай сайлауына үміткерлерді іріктеуде

Партиялардың съездері де «бір күнде — бір партия» кестесімен нақты реттелген: 4 шілдеде — «Respublica», 5 шілдеде — «Ақ жол», 6 шілдеде — «Ауыл», 7 шілдеде — ҚХП, 8 шілдеде — ЖСДП, 9 шілдеде — «Байтақ», ал 10 шілдеде — «Әділет» партиясының жиындары жоспарланған».

ОПЕК+ тамыз айында өндіріс көлемін ұлғайтпақ

Бір жағынан, 2026 жылдың тамызында ОПЕК+ елдерінде мұнай өндірісінің ұлғаюы мұнай экспорттаушы мемлекеттердің экспорттық табысы мен салық түсімдерін арттыруға жол ашады.

Жаңарған көшелердің «жаңбырдан кейінгі түрі»

Алматыдағы кезекті жаңбыр тағы да инфрақұрылымның осалдығын көрсетті. Тіпті қарапайым ғана жауған жауын-шашынның өзі қаланы су астында қалдырып, желіде оның зардаптары талқылануда.

Партиялар назарына

Сонымен, 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енген күні Президенттің Жарлығымен 23 тамызға жаңа Құрылтайдың сайлауы тағайындалды. Сайлау науқанының мерзімі қысқа екені ешкімді алаңдатпауы тиіс. Өйткені саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларын алдын ала әзірлеуіне ешқандай кедергі болған жоқ. Бағдарламаларын әзірлеп үлгермеген партиялар үшін де мүмкіндік сақталады: олар сайлаушыларға мазмұнды әрі негізделген ұсыныстарын ұсынып, қолдау таба алады. Оның үстіне, бұл жолы парламентке өту үшін бәсекенің бұрынғыдан да күшейе түсуі ықтимал. Сайлаушыларды ең алдымен қандай мәселелер толғандыратынын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізудің қажеті шамалы. Қазақстандықтарды бәрінен бұрын бағаның үздіксіз өсуі алаңдатады. Бұл мәселе Үкіметтің де басты назарында. Нақтырақ айтқанда, азаматтарды тек бағаның қымбаттауы ғана емес, нақты табыстың оның қарқынына ілесе алмауы алаңдатады. Бұл жағдай Үкімет үшін де өзекті мәселе болып отыр.