Евразия24ЖаңалықтарТоқаев прокуратура және күштік құрылым қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады

Тоқаев прокуратура және күштік құрылым қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады

|

|

Астана. 23 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігінің бірқатар қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыс етті. Бұл туралы сейсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы бар міндеттер екенін атап өтті.

«Сіздер елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келесіздер, әділеттілікті қамтамасыз ету және қоғамда “Заң мен тәртіп” қағидатын орнықтыру жолында аянбай еңбек етудесіздер. Қызмет жағдайының күрделілігіне қарамастан, сіздер мемлекетке жоғары кәсібилікпен әрі үлкен жауапкершілікпен адал қызмет етіп жүрсіздер. Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін», – деді Президент.

Мемлекет басшысы мінсіз қызмет әрдайым лайықты бағалануы тиіс екенін атап өтіп, мемлекет өз ісіне адал азаматтарды қолдауды жалғастыратынын айтты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.