Александра АЛЁХОВА

Материалы

Инфляция жалақыны жеп қойды

6 қыркүйекте, сенбі күні Ұлттық экономика министрі, вице-премьер Серік Жұманғариннің жетекшілігімен үкімет шұғыл отырыс өткізді. Жиында инфляцияның күшеюі мен азық-түлік бағасының шарықтауы талқыланды. Министрлер кабинеті мемлекет басшысы бұл тақырыпты назардан тыс қалдырады деген үмітте болған сыңайлы. Бірақ президент, керісінше, мәселенің өткірлігін айрықша атап өтті. Бағаның өсуі сонша, арзан әрі қолжетімді өнім саналатын кәдімгі тауық еті де көп отбасының дастарханынан сиреп, бүгінде қымбат тағамға айналды. Бұл – ауыл шаруашылығын қолдауға 2025 жылы рекордтық көлемде, яғни бір триллион теңге қаржы бөлінген аграрлық мемлекет үшін үлкен қайшылық.

Өңірлік даму – қағазда бар, ауылда жоқ

Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген 2025–2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасында айтылған уәде бойынша, алдағы бес жыл ішінде өңірлерді дамыту және өңірлік саясатты іске асыру бағытында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді және тұрақты дамуына ықпал ететін сапалы өзгерістер жүзеге асады. 3,8 миллион сапалы жұмыс орны құрылады, ал өңірлерді білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, сондай-ақ өңірлік стандарттар жүйесіне сай инженерлік және көлік инфрақұрылымын қоса алғанда, негізгі игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі қалаларда 96%-ды, ауылдарда 71%-ды құрайды.

Кәсіпкерлерге тұсау: табыс түспей жатып салық төлеу міндеті

Шамамен бір апта бұрын бизнес қауымдастықтар жаңа Салық кодексінде қарастырылған – қосылған құн салығын алдын ала төлеу тәртібіне қатысты – норманың іс жүзінде қолданылуына байланысты ақпараттық кеңістікте бұрын-соңды болмаған резонанс тудырды. Бұл мәселе туралы «Еуразия24» қысқаша ақпарат таратқан болатын. Осы уақыт ішінде мемлекет тарапынан ресми түсініктемелер мен сарапшылардың пікірі жарияланып, жаңа тәртіптің шынымен де қазақстандық кәсіпкерлікке қауіп төндіретіні немесе бұл – қосылған құн салығын әділ төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті қадам екендігі туралы пікірталас өрбіді.

Қазақстан 2026 бюджетін Ұлттық қорсыз қалыптастыруда

Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Ұлттық қордың қаражатын бюджеттің кем-кетік тұстарын жамауға пайдалануды біртіндеп доғаруға бет алған сыңайлы. Бұл – Мемлекет басшысының қаржы-экономика блогына қойған талабының жеткенін көрсетеді. Дегенмен бұл бағытта нақты нәтижеге қол жеткізу – басқа мәселе. Себебі бюджет параметрлерін өзгертуге, жоспарланған мақсаттар орындалмай жатқан жағдайда, кез келген сәтте баруға болады. 2025 жылдың 26 тамызында Үкімет отырысында 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды.

Жасанды интеллект және балалар: жаңа тәуелділік қаупі?

Бұған дейін мен бірыңғай ұлттық цифрлық экожүйені жедел қалыптастыру қажеттігін атап өттім. Осыған орай, тиісті инфрақұрылымды дайындау, заңнамалық базаны әзірлеу, деректерді жинау жүйесін құру, сондай-ақжасанды интеллектті енгізу жұмыстарын бастау жөнінде тапсырма бергенболатынмын. Алайда бұл тапсырмалардың орындалу барысы көңіл көншітпейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сынынан кейін мемлекеттік органдар жеделқимылдай бастады. Дегенмен, Қазақстанның жасанды интеллект әлемінежаппай енуі шеңберінде қоғам назарынан тыс қалып, кеңінен талқыланбайкелген бір маңызды мәселе бар. Жасанды интеллекттің білім беру саласына, жалпы күнделікті өмірге кеңінен енгізілуінің елдегі 7 миллионға жуықбаланың дамуына ықпалы қандай болмақ?

Еще от автора

Зиянды тағам жарнамасына шектеу: денсаулық сақтау министрлігінің жаңа жоспары

Бұл тармақ ведомствоның 2026–2027 жылдарға арналған инвестициялық жоспарында көрсетілген. Әңгіме «Жарнама туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы болып отыр. Оған сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде құрамында тұз, қант, қаныққан майлар мен трансмайлар мөлшері жоғары өнімдерді жарнамалауға тыйым салынбақ. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі алдағы екі жылда тек осы бағытпен шектелмек емес. Жоспарларда ауқымды міндеттер қарастырылған: денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу мен жаңаларын салудан бастап, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және салауатты өмір салтын ұстанбайтындардың үлесін азайтпақ. Әрине, мұның бәрі бюджеттен едәуір қаражат бөлуді талап етеді. Біз осы көлемді құжаттың бөлімдерін талдап көрейік.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы жаңа серпін алды

10 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй-құрылыс саласына қатысы бар Үкімет мүшелері мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кездесуде айтылған мәселелерге қарағанда, жыл соңында жалпы ішкі өнімге құрылыс саласының қосатын үлесі едәуір артуы мүмкін. Себебі 2026 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бұл секторға 2,4 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл алғаш рет жүзеге асырылып отырған шара емес. 2025 жылы құрылыс саласы экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып, нақты көлем индексі 15,9%-ға өсті, ал мемлекеттік қолдау көлемі 2,35 трлн теңгені құрады. Алайда сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда қолжетімді тұрғын үй көлемі артқан сайын, оның бағасы да тез өсіп, көпшілік үшін қолжетімсіз бола түсуде.

89 елдің ішінде 77-орын: Әлеуметтанушылар Қазақстандағы зейнеткерлердің өмірін бағалады

Халықаралық әлеуметтанушы-еріктілердің «ФОКУС» желілік бірлестігі U.S. News & World Report сарапшыларының зейнетке шыққаннан кейін өмір сүруге қолайлы елдер рейтингі жөніндегі деректерін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан 89 елдің ішінде 77-орынға жайғасқан, яғни нәтиже төмен деңгейде бағаланған. Салыстыру үшін: Африканың Гана мемлекеті – 75-орында, ал Гондурас – 63-орында тұр. Өңірдегі басқа елдер де бұл рейтингте төмен орындарға ие болған: Әзербайжан – 81-орын, Өзбекстан – 84-орын, Украина – 85-орын, Беларусь – 87-орын, Ресей – 89-орын. Ал алғашқы ондыққа Еуропаның дамыған мемлекеттерімен қатар Жаңа Зеландия, Австралия және Канада кірген.

Қазақстандағы бала құқығы: Жаңа Тұжырымдаманың балалар өміріне әсері қандай?

29 қаңтарда Үкімет қаулысымен балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа стратегиялық құжат бекітілді. Құжатта балалардың жағдайына қатысты ауқымды статистикалық деректер беріліп, жылдарға бөлінген 9 нысаналы индикатор, 158 нақты іс-шара, сондай-ақ қауіпсіздік, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мәселелердің сипаттамасы қамтылған. Сонымен қатар әкімшілік және цифрлық бақылау тетіктерін күшейту көзделген. Шыны керек, 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы елдегі балаларды қорғауға қатысты барлық қолданыстағы шараларды бір құжатқа топтастырған алғашқы кешенді құжат болды.