Александра АЛЁХОВА

Материалы

Бизнеске қатысты жаңа айыппұлдар

Электр энергиясын тұтыну көлемінің артуы мен энергия тапшылығы жағдайында коммерциялық тұтынушылар үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу ұсынылды. Аталған ұсынысқа қатысты реттеуші әсерге талдау нәтижелері негізінде қоғамдық талқылау «Ашық НҚА» порталында 5 желтоқсанға дейін жүргізіледе. Мұндай бастама – елдегі энергия тұтынудың артуына байланысты қалыптасқан энергия тапшылығы жағдайында қисынды көрінеді.

Қазақстан экономикасының өткені мен бүгіні

Экономист Айдархан Кусаинов өткен аптада кеңінен таралған сұхбаттарынан кейін 2016 жылдың мамырында жарық көрген «Қазақстан экономикасы. Аңыздар мен шындық» атты кітабының тұсаукесерін еске алды. Экономист өз Telegram-арнасында жазғандай, сол кезде айтылған қазақстандық экономиканың мифтары мен шынайылығы арада тоғыз жыл өтсе де, 2025 жылдағы жағдаймен салыстырғанда түбегейлі өзгермеген. Автор мұнымен не айтқысы келді? Зерделеп көрейік.

Қазақстанда психикалық ауытқуы бар адамдардың саны өсуде

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде өмір сүрудің орташа ұзақтығы алғаш рет 75,4 жасқа жетіп, өлім-жітім 3 пайызға төмендегенін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мемлекет басшысына баяндады . Алайда бұған қарамастан, психоактивті заттарды пайдалану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық ауытқулары бар азаматтар санының көбеюі туралы мәселе ақпараттық кеңістікте кеңінен айтылмай отыр. Бұл түйткілді Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева жақында Үкімет деңгейінде көтерді. Белгілі болғандай, министрлер кабинеті де жағдайдың ушығуына алаңдаулы.

Әлеуметтік нысансыз құрылыс: шешімін таппаған мәселе

Қазақстанда тұрғын үй кешендері қасынан әлеуметтік инфрақұрылымды қатар салу мәселесі бірнеше жылдан бері қызу талқыланып келеді. Саяси ерік-жігерге, депутаттық бастамалар мен қоғам тарапынан көп жылдан бергі үндеулерге қарамастан, құрылыс саласы мектеп, балабақша мен емханаларды ірі тұрғын аудандар шеңберінде салу жауапкершілігін өз мойнына алуға қатысты кез келген бастамаға елеулі қарсылық танытқан. Тіпті 2025 жылы жаңа Құрылыс кодексін әзірлеу мен талқылау барысында да заң шығарушылар «мектеп болмаса – құрылысқа рұқсат берілмейді» деген нақты норманы заңнамада бекіте алмады.

Ауыз су мәселесі: 20 жыл, 15 триллион теңге және орындалмаған мақсаттар

Су ресурстары және ирригация министрлігі өзінің ресми Telegram-арнасында елдің солтүстігіндегі 200-ден астам ауыл алдағы жылдары таза ауыз суға қол жеткізетінін хабарлады. Осыған байланысты екі ауданда ұзындығы 200 шақырымнан асатын су құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл құбырлар шамамен 20 елді мекенді орталықтандырылған су жүйесіне қосады. Сонымен қатар, тағы екі жоба жоспарланған мерзімінен 1,5 жыл бұрын аяқталғаны атап өтілді. Жалпы, барлық жұмыстар толықтай аяқталғаннан кейін облыстың 40 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Еще от автора

KazSat-3R: ұзақ мерзімге арналған жоба

Қазақстанда 2029 жылға дейін KazSat ғарыштық байланыс жүйесінің жаңа серігі пайдалануға беріледі. Премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл жобаға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазақстан үшін ұлттық байланыс серіктерін пайдалану жаңа тәжірибе емес. Бұған дейін KazSat-1, KazSat-2 және KazSat-3 серіктері іске қосылған. Қазіргі уақытта KazSat-2 мен KazSat-3 елдің байланыс жүйесінде өз қызметін жалғастырып келеді. Елге тағы бір байланыс серігі не үшін қажет? Бюджет тапшылығы жағдайында 10 млрд теңге – көп пе, әлде аз ба? Жаңа аппаратты кім құрастырады? Осы және өзге де сұрақтарды Eurasia24 «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар» журналының бас редакторы Нұрлан Әселқанға қойды.

Құрылыс қарқыны Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ете ала ма?

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Экономика жөніндегі сарапшылық кеңестің отырысы өтті. Жиында елдің құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды. Оған «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген тапсырмалары негізінде қалыптастырылды. Президент сол кезде: «Қазақстанды тұтас бір үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек», – деген болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бұл ретте, ең алдымен, инфрақұрылымдық жобаларды – теміржолдарды, автомобиль жолдарын, әуежайларды, вокзалдарды және өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын қамтамасыз ететін нысандарды салу мәселесін назарда ұстағанын атап өткен жөн. Дегенмен, тұрғын үй құрылысының көлемі, әсіресе ірі қалалардағы көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің саны қарқынды артуы мүмкін деген пікір де бар.

Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі: «сұр» импортқа қарсы күрес және өндірісті жаңғырту мәселесі

Үкімет отандық автозауыттарды сыртқы қауіп-қатерден қорғау шараларын жедел қабылдауға кірісті. Премьер-министр Олжас Бектенов 21 шілдеде өткен Үкімет отырысында Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «сұр» импортпен әкелінетін автокөліктердің жолын кесуге бағытталған қатаң шаралар топтамасын әзірлеуге небәрі 10 күн уақыт берді. Алайда ұлттық заңнама, ЕАЭО талаптары, кедендік әкімшілендіру және техникалық реттеу мәселелерін қатар қамтитын мұндай күрделі түйткілге қатысты шешімдерді 10 күн ішінде әзірлеу басқарушылық тұрғыдан тым асығыс қадамға ұқсайды. Өйткені мұндай қысқа мерзімде дайындалған құжат жеткілікті пысықталмай қабылданып, күткен нәтижеден гөрі қосымша мәселелер туындату қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Қазақстан экономикасын қандай қауіп күтіп тұр?

Жуырда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) World Economic Outlook Update: Global Economy in Crosscurrents of War and Technology атты шілде айының жаңартылған баяндамасын жариялады. Қор сарапшыларының бағалауынша, әлемдік экономика бүгінде әртүрлі сипаттағы сыртқы күйзелістердің ықпалында қалып отыр. Бір жағынан, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс, сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы мұнай мен газ жеткізіліміндегі іркілістер жаһандық экономикаға қысым түсіруде. Екінші жағынан, жасанды интеллект технологиялары мен микроэлектроникаға арналған жабдықтарға сұраныстың күрт артуы экономикалық белсенділікті ынталандырып отыр. Бір қызығы, ХВҚ сарапшылары Орталық Азия мен Қазақстан экономикасына қатысты Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) бағалауларындай оптимистік көзқарас танытпаған. Бұған дейін біз ЕАДБ-ның 2026–2028 жылдарға арналған болжамдарын жан-жақты талдап, жаһандық күйзелістерге қарамастан Қазақстан экономикасының өсімі сақталатыны жөніндегі тұжырымдарына тоқталған едік.