Александра АЛЁХОВА

Материалы

Көлеңкелі құрылыс және қағаз жүзіндегі тәртіп

Дәл осындай тұжырымға біз Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлының Премьер-министр Олжас Бектеновпен жүргізген ресми хат алмасуын зерделеу нәтижесінде келдік. Бұл ретте мәжілісмен бюджет қаражатының айналымын бақылау жүйесіндегі жүйелі олқылықтарға назар аударады. Ал Үкімет басшысы мемлекеттік тапсырыстарды және ірі инвестициялық жобаларды мінсіз әрі ашық жүзеге асыру үшін барлық қажетті нормативтік-құқықтық база бар екенін алға тартты.

Тағдыр тауқыметі: жетім балалардың жағдайы талқыға түсті

Eurasia24 бұған дейін жауапты ата-ана болу мәселелеріне қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістерге, оның ішінде асырап алу мен қорғаншылыққа байланысты түзетулерге түсініктеме берген болатын. Алайда біз енгізілген өзгерістерді тереңірек қарастыруды жөн санадық. Себебі түзетулердің бірі ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тек ресми түрде тіркелген некедегі отбасыларға ғана орналастыруды көздейді.

Темекіге қарсы күрес: Қазақстан қандай жетістіктерге жетті?

«Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы қазақстандықтардың темекісіз өмір салтына бейімделуіне бағытталған мемлекеттік тетіктердің тиімділігі мен нақты қол жеткізілген нәтижелерге талдау жариялады. Зерттеу нәтижелері тиімділіктің төмен екенін көрсетеді. Темекіге қарсы іс-шаралар көбіне тыйым салу мен шектеулермен шектеліп, шылым шегушілер саны айтарлықтай азаймаған.

Мега жобаларды жүзеге асыру: мемлекет кімдерді қаржыландырады?

Жуырда Жоғарғы аудиторлық палата (ЖАП) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына жүргізілген аудитті аяқтады. Аудит нәтижесі көңіл көншітпейді. Сонымен қатар, сенаторлар Қазақстанның Даму банкі (Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы) Олжас Бектеновтен жүзеге асыруды жоспарлап отырған ірі жобалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне талдау жүргізуді сұрады.

Залалды құрылым: ӘКК неге әлі де жұмысын жалғастырып отыр?

Мемлекеттік қаржыландыру көлемінің ұлғаюына қарамастан, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) әлі де шығынды құрылымдар болып отыр. Соған қарамастан, ӘКК өз жұмысын жалғастырып, қазіргі уақытта да белсенді қызмет етіп келеді.

Еще от автора

KazSat-3R: ұзақ мерзімге арналған жоба

Қазақстанда 2029 жылға дейін KazSat ғарыштық байланыс жүйесінің жаңа серігі пайдалануға беріледі. Премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл жобаға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазақстан үшін ұлттық байланыс серіктерін пайдалану жаңа тәжірибе емес. Бұған дейін KazSat-1, KazSat-2 және KazSat-3 серіктері іске қосылған. Қазіргі уақытта KazSat-2 мен KazSat-3 елдің байланыс жүйесінде өз қызметін жалғастырып келеді. Елге тағы бір байланыс серігі не үшін қажет? Бюджет тапшылығы жағдайында 10 млрд теңге – көп пе, әлде аз ба? Жаңа аппаратты кім құрастырады? Осы және өзге де сұрақтарды Eurasia24 «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар» журналының бас редакторы Нұрлан Әселқанға қойды.

Құрылыс қарқыны Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ете ала ма?

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Экономика жөніндегі сарапшылық кеңестің отырысы өтті. Жиында елдің құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды. Оған «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген тапсырмалары негізінде қалыптастырылды. Президент сол кезде: «Қазақстанды тұтас бір үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек», – деген болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бұл ретте, ең алдымен, инфрақұрылымдық жобаларды – теміржолдарды, автомобиль жолдарын, әуежайларды, вокзалдарды және өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын қамтамасыз ететін нысандарды салу мәселесін назарда ұстағанын атап өткен жөн. Дегенмен, тұрғын үй құрылысының көлемі, әсіресе ірі қалалардағы көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің саны қарқынды артуы мүмкін деген пікір де бар.

Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі: «сұр» импортқа қарсы күрес және өндірісті жаңғырту мәселесі

Үкімет отандық автозауыттарды сыртқы қауіп-қатерден қорғау шараларын жедел қабылдауға кірісті. Премьер-министр Олжас Бектенов 21 шілдеде өткен Үкімет отырысында Қаржы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «сұр» импортпен әкелінетін автокөліктердің жолын кесуге бағытталған қатаң шаралар топтамасын әзірлеуге небәрі 10 күн уақыт берді. Алайда ұлттық заңнама, ЕАЭО талаптары, кедендік әкімшілендіру және техникалық реттеу мәселелерін қатар қамтитын мұндай күрделі түйткілге қатысты шешімдерді 10 күн ішінде әзірлеу басқарушылық тұрғыдан тым асығыс қадамға ұқсайды. Өйткені мұндай қысқа мерзімде дайындалған құжат жеткілікті пысықталмай қабылданып, күткен нәтижеден гөрі қосымша мәселелер туындату қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Қазақстан экономикасын қандай қауіп күтіп тұр?

Жуырда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) World Economic Outlook Update: Global Economy in Crosscurrents of War and Technology атты шілде айының жаңартылған баяндамасын жариялады. Қор сарапшыларының бағалауынша, әлемдік экономика бүгінде әртүрлі сипаттағы сыртқы күйзелістердің ықпалында қалып отыр. Бір жағынан, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс, сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы мұнай мен газ жеткізіліміндегі іркілістер жаһандық экономикаға қысым түсіруде. Екінші жағынан, жасанды интеллект технологиялары мен микроэлектроникаға арналған жабдықтарға сұраныстың күрт артуы экономикалық белсенділікті ынталандырып отыр. Бір қызығы, ХВҚ сарапшылары Орталық Азия мен Қазақстан экономикасына қатысты Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) бағалауларындай оптимистік көзқарас танытпаған. Бұған дейін біз ЕАДБ-ның 2026–2028 жылдарға арналған болжамдарын жан-жақты талдап, жаһандық күйзелістерге қарамастан Қазақстан экономикасының өсімі сақталатыны жөніндегі тұжырымдарына тоқталған едік.