Александра АЛЁХОВА
Материалы
Мегажобалар шеруі: Үкімет уәдесінің орындалу деңгейі қандай?
Батыс Қазақстан облысындағы Сатымола кен орнында калий тұздарын өндіретін өндірістік кешеннің құрылысы 1,1 трлн теңге көлеміндегі инвестициямен жүзеге асады. Жобаның іске қосылуы бірнеше кезеңге бөлінген: алғашқы өндіріс 2027 жылы, кейінгі кезеңдер 2030 және 2035 жылдары іске қосылады. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, бекітілген. Сонымен қатар, инвесторлар өз қаражаты есебінен сумен жабдықтау, газбен қамту, газ құбыры мен электр желілерін тартуды да өз мойнына алған.
Алтын – мемлекет меншігі ме, әлде қылмыстық табыс көзі ме?
Қазақстанда заңсыз алтын өндірумен күрес мәселесі жөнінде соңғы ретнақты әрі жүйелі пікірталас бір жылдан астам уақыт бұрын көтерілген еді. 2024 жылдың наурыз айында сенатор Андрей Лукин Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалында елімізде жылсайын шамамен 25 тонна алтын заңсыз өндірілетінін, ал бұл әрекеттердің мемлекетке келтіретін шығыны 1,5 миллиард теңгеге жуық екенін атап өткен.
Қазақ ерлерінің ізі Беларусь орманында жатыр
Ұлы Отан соғысы жылдары Беларусь жерінде үш миллионға жуық бейбіт тұрғын мен кеңес жауынгері қаза тапқан. Содан бері сегіз он жылдық өтсе де, қан майданда мерт болған талай боздақтың сүйегі аты-жөні белгісіз бауырластар зиратында жатыр. Осыған орай, Беларусь елінде соғыста қаза тапқан жауынгерлерді іздеп табу және есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатындағы жұмыстар үлкен еріктілік қозғалысқа айналған. “Өкінішке қарай, жас буын соғыс жылдарын ұмыта бастаған. Бірақ біз оларға бұл жұмыстың қалай жүргізілетінін көрсетсек, біртіндеп қызығушылық таныта бастайды”, – дейді ол.
Байланыс бар, сапа жоқ: Қазақстанда тариф неге өсе береді?
Алайда бұл дерек шынайы көріністі толық бере ме? Мысалы, 2023 жылдың жазында «Выгодный за 3590» тарифін пайдаланған абоненттер үшін 2025 жылы бұл тариф «Выгодный за 5590» болып өзгерген. Яғни екі жыл ішіндеөсім 55,7%-ды құраған. Сондықтан «бар болғаны 44%» деген тұжырым шын мәнінде орташа көрсеткіш болуы мүмкін және сондықтан да салыстырмалы түрде қалыпты естілетін тәрізді.
Антикордың тағдыры: Жемқорлықпен күрес неге жаңа құрылымға тапсырылды?
Құқық қорғау жүйесіндегі жүйелік кемшіліктер мен проблемалық бағыттар жайлы қоғамға ашық айтылмауы әбден мүмкін. Себебі Мемлекет басшысы бұл мәселелерді саралау қорытындылары жабық форматта қаралатынын бастапқыда-ақ ескерткен болатын.
Еще от автора
Зиянды тағам жарнамасына шектеу: денсаулық сақтау министрлігінің жаңа жоспары
Бұл тармақ ведомствоның 2026–2027 жылдарға арналған инвестициялық жоспарында көрсетілген. Әңгіме «Жарнама туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы болып отыр. Оған сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде құрамында тұз, қант, қаныққан майлар мен трансмайлар мөлшері жоғары өнімдерді жарнамалауға тыйым салынбақ. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі алдағы екі жылда тек осы бағытпен шектелмек емес. Жоспарларда ауқымды міндеттер қарастырылған: денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу мен жаңаларын салудан бастап, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және салауатты өмір салтын ұстанбайтындардың үлесін азайтпақ. Әрине, мұның бәрі бюджеттен едәуір қаражат бөлуді талап етеді. Біз осы көлемді құжаттың бөлімдерін талдап көрейік.
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы жаңа серпін алды
10 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй-құрылыс саласына қатысы бар Үкімет мүшелері мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кездесуде айтылған мәселелерге қарағанда, жыл соңында жалпы ішкі өнімге құрылыс саласының қосатын үлесі едәуір артуы мүмкін. Себебі 2026 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бұл секторға 2,4 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл алғаш рет жүзеге асырылып отырған шара емес. 2025 жылы құрылыс саласы экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып, нақты көлем индексі 15,9%-ға өсті, ал мемлекеттік қолдау көлемі 2,35 трлн теңгені құрады. Алайда сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда қолжетімді тұрғын үй көлемі артқан сайын, оның бағасы да тез өсіп, көпшілік үшін қолжетімсіз бола түсуде.
89 елдің ішінде 77-орын: Әлеуметтанушылар Қазақстандағы зейнеткерлердің өмірін бағалады
Халықаралық әлеуметтанушы-еріктілердің «ФОКУС» желілік бірлестігі U.S. News & World Report сарапшыларының зейнетке шыққаннан кейін өмір сүруге қолайлы елдер рейтингі жөніндегі деректерін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан 89 елдің ішінде 77-орынға жайғасқан, яғни нәтиже төмен деңгейде бағаланған. Салыстыру үшін: Африканың Гана мемлекеті – 75-орында, ал Гондурас – 63-орында тұр. Өңірдегі басқа елдер де бұл рейтингте төмен орындарға ие болған: Әзербайжан – 81-орын, Өзбекстан – 84-орын, Украина – 85-орын, Беларусь – 87-орын, Ресей – 89-орын. Ал алғашқы ондыққа Еуропаның дамыған мемлекеттерімен қатар Жаңа Зеландия, Австралия және Канада кірген.
Қазақстандағы бала құқығы: Жаңа Тұжырымдаманың балалар өміріне әсері қандай?
29 қаңтарда Үкімет қаулысымен балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа стратегиялық құжат бекітілді. Құжатта балалардың жағдайына қатысты ауқымды статистикалық деректер беріліп, жылдарға бөлінген 9 нысаналы индикатор, 158 нақты іс-шара, сондай-ақ қауіпсіздік, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мәселелердің сипаттамасы қамтылған. Сонымен қатар әкімшілік және цифрлық бақылау тетіктерін күшейту көзделген. Шыны керек, 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы елдегі балаларды қорғауға қатысты барлық қолданыстағы шараларды бір құжатқа топтастырған алғашқы кешенді құжат болды.




