Александра АЛЁХОВА
Материалы
ЭЫДҰ бағалауы: Қазақстанда мемлекеттік ықпал бәсекелестікті тежеп отыр
26 желтоқсанда Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олжас Бектенов кездесті. Премьер-министр Мемлекет басшысына экономикалық өсу көрсеткіштері туралы баяндады: ЖІӨ өсімінің 70-тен астам пайызы өнеркәсіп, сауда және көлік салалары есебінен қамтамасыз етілген, негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,5 трлн теңгені құрайды, ал жеке инвестициялар ағыны 9,8 пайызға артты. Сонымен қатар Halyk Finance аналитикалық орталығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстандағы бәсекелестік туралы соңғы шолуын талдады.
Теория мен тәжірибе: қайта өңдеу кәсіпорындары мемлекеттік қолдаудан тыс қалды ма?
Сенат депутаттары ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілерді қорғап шықты. Олар қосылған құн өндірушілері ашығын айтқанда қаржысыз отырғанын мәлімдеді. Ал ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары миллиардтаған теңгемен тек дала жұмыстарына және біршама деңгейде мал шаруашылығына бағытталып отыр. Яғни мемлекеттік қолдау тек шикізаттық мәселелерді: себу, жинау, сатып алу және сату сынды кезеңдерді ғана қамтып отыр.
2025 жылы халықтың табысы төмендеді
23 желтоқсанда Үкіметтегі брифинг барысында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге халықтың нақты табысы қашан өсетіні туралы сұрақ қойылды. Алайда ол бұл сұраққа тікелей жауап берген жоқ. Оның айтуынша, алдағы жылы Үкімет жан басына шаққандағы табысты 15 мың АҚШ долларынан асыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, соңғы алты айда тәуелсіз экономистер жаңа Салық кодексінің күшіне енуі нақты экономика секторында елеулі қиындықтарға алып келуі мүмкін екенін жиі айтып жүр.
Инфляциялық күтулер: қымбатшылық жалғасады
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі халықтың қаржылық жағдайы мен болашаққа қатысты күтулеріне арналған қараша айындағы сауалнаманың жаңартылған нәтижелерін жариялады. Бұған дейін біз жазған кезеңдердегідей және үкімет тарапынан инфляцияны тежеу жөнінде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қоғамдағы көңіл күйде айтарлықтай оң өзгеріс байқалмайды. Отбасылар арасында ең көп тұтынылатын азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың басым бөлігі бойынша бағаның өскенін атап өткен респонденттердің үлесі артқан.
Көлеңкелі құрылыс және қағаз жүзіндегі тәртіп
Дәл осындай тұжырымға біз Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлының Премьер-министр Олжас Бектеновпен жүргізген ресми хат алмасуын зерделеу нәтижесінде келдік. Бұл ретте мәжілісмен бюджет қаражатының айналымын бақылау жүйесіндегі жүйелі олқылықтарға назар аударады. Ал Үкімет басшысы мемлекеттік тапсырыстарды және ірі инвестициялық жобаларды мінсіз әрі ашық жүзеге асыру үшін барлық қажетті нормативтік-құқықтық база бар екенін алға тартты.
Еще от автора
Зиянды тағам жарнамасына шектеу: денсаулық сақтау министрлігінің жаңа жоспары
Бұл тармақ ведомствоның 2026–2027 жылдарға арналған инвестициялық жоспарында көрсетілген. Әңгіме «Жарнама туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы болып отыр. Оған сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде құрамында тұз, қант, қаныққан майлар мен трансмайлар мөлшері жоғары өнімдерді жарнамалауға тыйым салынбақ. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі алдағы екі жылда тек осы бағытпен шектелмек емес. Жоспарларда ауқымды міндеттер қарастырылған: денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу мен жаңаларын салудан бастап, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және салауатты өмір салтын ұстанбайтындардың үлесін азайтпақ. Әрине, мұның бәрі бюджеттен едәуір қаражат бөлуді талап етеді. Біз осы көлемді құжаттың бөлімдерін талдап көрейік.
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы жаңа серпін алды
10 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй-құрылыс саласына қатысы бар Үкімет мүшелері мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кездесуде айтылған мәселелерге қарағанда, жыл соңында жалпы ішкі өнімге құрылыс саласының қосатын үлесі едәуір артуы мүмкін. Себебі 2026 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі бұл секторға 2,4 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл алғаш рет жүзеге асырылып отырған шара емес. 2025 жылы құрылыс саласы экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып, нақты көлем индексі 15,9%-ға өсті, ал мемлекеттік қолдау көлемі 2,35 трлн теңгені құрады. Алайда сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда қолжетімді тұрғын үй көлемі артқан сайын, оның бағасы да тез өсіп, көпшілік үшін қолжетімсіз бола түсуде.
89 елдің ішінде 77-орын: Әлеуметтанушылар Қазақстандағы зейнеткерлердің өмірін бағалады
Халықаралық әлеуметтанушы-еріктілердің «ФОКУС» желілік бірлестігі U.S. News & World Report сарапшыларының зейнетке шыққаннан кейін өмір сүруге қолайлы елдер рейтингі жөніндегі деректерін жариялады. Бұл тізімде Қазақстан 89 елдің ішінде 77-орынға жайғасқан, яғни нәтиже төмен деңгейде бағаланған. Салыстыру үшін: Африканың Гана мемлекеті – 75-орында, ал Гондурас – 63-орында тұр. Өңірдегі басқа елдер де бұл рейтингте төмен орындарға ие болған: Әзербайжан – 81-орын, Өзбекстан – 84-орын, Украина – 85-орын, Беларусь – 87-орын, Ресей – 89-орын. Ал алғашқы ондыққа Еуропаның дамыған мемлекеттерімен қатар Жаңа Зеландия, Австралия және Канада кірген.
Қазақстандағы бала құқығы: Жаңа Тұжырымдаманың балалар өміріне әсері қандай?
29 қаңтарда Үкімет қаулысымен балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа стратегиялық құжат бекітілді. Құжатта балалардың жағдайына қатысты ауқымды статистикалық деректер беріліп, жылдарға бөлінген 9 нысаналы индикатор, 158 нақты іс-шара, сондай-ақ қауіпсіздік, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мәселелердің сипаттамасы қамтылған. Сонымен қатар әкімшілік және цифрлық бақылау тетіктерін күшейту көзделген. Шыны керек, 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы елдегі балаларды қорғауға қатысты барлық қолданыстағы шараларды бір құжатқа топтастырған алғашқы кешенді құжат болды.




