Тұрғын үй сатып алуға берілетін сертификат мөлшерінің 7 млн теңгеге дейін ұлғайтылуы – кейінгі жылдары қоныс аудару бағдарламасын күшейту бағытында жасалған ең маңызды қадамдардың бірі деуге болады.
Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған тележүргізуші, әнші әрі актриса Аша Матай бұған дейін ашық пікірталасқа шақырған адвокат Мейрман Шекеевпен жария дебатқа қатысудан бас тартты.
Көкшетауда жүргізуші куәлігі мен көлік жүргізу тәжірибесі жоқ әйелдің жалғызбасты ананы қағып кетуі салдарынан оның қаза болуына байланысты қозғалған іс қоғамда кеңінен талқыланған болатын.
Ресейдің Тынық мұхиты флоты (ТМФ) мен Қытай Әскери-теңіз күштерінің бірлескен кемелер жасағы Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі (АТР) патрульдеу миссиясын аяқтап, Владивостокқа келді. Бұл туралы сәрсенбі күні ТМФ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Әзербайжан бейбітшілік пен қауіпсіздік, даму, климаттық тұрақтылық және гуманитарлық қызмет салаларында мүше мемлекеттер үшін нақты нәтиже беруге қабілетті, тиімділігі жоғары Біріккен Ұлттар Ұйымын қолдайды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Йемен Президенттік басшылық кеңесі төрағасының орынбасары Абдалла Бавазирмен кездесіп, елдегі жағдайды талқылады.
Ару Алматы – тек Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы ғана емес, әр дәуірдің өзіндік қолтаңбасы сақталған бірегей сәулет кеңістігі. Қаланың сәулеттік келбеті Тянь-Шань тауларының бөктерімен үйлесім тауып, өткен ғасырлар мен қазіргі заманның сәулет үлгілерін тоғыстырған.
Бүгінде Алматының қарқынды дамуы шаһардың сәулеттік және қала құрылысы келбетіне жаңа талаптар қойып отыр. Қала аумағында жаңа нысандардың пайда болуы – тек жекелеген ғимарат салу мәселесі ғана емес, сонымен бірге тұтас аумақтың болашақ дамуын ескеретін кешенді үдеріс.
Осы орайда Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – жаңа құрылыс нысандарының оқшауланған түрде емес, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сай, нақты аумақтың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жобалануын қамтамасыз етіп отырғанын Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлімсейтов мәлімдеді.