Бір қызығы, жаңа пәндердің енгізілетіні жарияланғанымен, жаңа оқу жылының басталуына бір жарым ай ғана қалғанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарлары әлі күнге дейін бекітілмеген. Демек, оқушыларды алдағы оқу жылында тағы бірқатар өзгерістер күтіп тұрғаны анық.
Қазақстанда жүргізуші куәлігі енді бір рет алып, он жыл бойы денсаулық жағдайының өзгергеніне қарамастан пайдалана беретін құжат болудан қалып барады. Әсіресе жасы ұлғайған немесе денсаулығына байланысты қосымша медициналық бақылауды қажет ететін азаматтарға қойылатын талап күшейеді.
2026 жылғы тамызда Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін цифрлық теңгемен ықпалдастыруға қатысты техникалық жұмыстар аяқталады. Соның нәтижесінде мемлекеттік сатып алу саласында цифрлық теңгені толыққанды қолдануға мүмкіндік туады. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Индонезия үкіметі көздеп отырған 150 млн баррель ресейлік мұнайды импорттау жоспары аясында алғашқы жеткізілімді қабылдады. Бұл туралы Джакартада өткен Global Hydrogen Ecosystem саммиті мен көрмесінің ашылуында елдің Энергетика және минералдық ресурстар министрі Бахлил Лахадалия мәлімдеді.
Сәрсенбі күні сауда-саттықтың алғашқы сағаттарында АҚШ-тың қор индекстері негізінен төмендеді. Мұнай бағасының күрт қымбаттауы, сондай-ақ инвесторлардың чип өндіруші компаниялардың акцияларын белсенді сата бастауы нарыққа қысым түсіріп отыр. Бұған қоса, инвесторлар олардың ірі клиенттерінің тоқсандық қаржылық есептерін күтуде.
Қазақстан 24 қыркүйекте «Хазар Қорғаны-2026» оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізіне алып кеткен әскери қызметшілерді іздеу жұмыстарын ресми түрде аяқтады. 14 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі аман қалды.
Үкімет газ саласын дамытудың кешенді жоспарындағы бірқатар мерзімді қайта қараған. Halyk Research-тің «Қазақстанның газ секторының 2024–2025 жылдардағы дамуына шолу» атты жаңа есебіне сәйкес, негізгі газ өңдеу зауыттарын іске қосу мерзімі тағы да кейінге шегерілді.
Алматы Су» мәліметінше, 1 қазаннан бастап Алматыда тұрғындар, бизнес және мемлекеттік ұйымдар үшін су тарифтері өзгереді. Тұрғындар үшін бір текше метр судың бағасы 178,06 теңге, ал кәріз қызметі 119,46 теңге болады. Қосылған құн салығын есептегенде жалпы төлем бір текше метрге 297,52 теңгені құрайды. Бизнес үшін бір текше метр судың тарифі 362,18 теңге, кәріз қызметі 264,75 теңге болады.