Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептегі жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді біріктіруге қатысты ведомствоның ұстанымын түсіндірді. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді. Жұлдыз Сүлейменова 2025 жылы алқа мәжілісінде пәндердің үш тобын біріктіру туралы шешім қабылданғанын еске салды
Конституциялық реформа аясында жоспарланған Парламенттің рәсімдері мен өкілеттіктерін қайта қарау — заң шығарушы билік тармағының Үкімет ұсынған заңдарды жай ғана «мақұлдау» режимінен шығып, нақты субъектілікке және тәуелсіздікке ұмтылуын білдіреді.
Біз алдыңғы редакциялық бағанымызды «жасырын банкетке» – Премьер-министр Бектеновтің энергетика саласының басшыларымен өткізген кеңесіне арнаған болатынбыз. Сол жиында сала майталмандары ауыз толтырып айтарлық ауқымды жоспарларын жайып салса, Үкімет басшысы оған жауап ретінде сөзден іске көшуді талап етті.
Олай етпеске амал да жоқ: кеңеске қатысушылардың айтуынша, 2035 жылға қарай қолданыстағы 26,7 ГВт белгіленген қуатқа тағы 26 ГВт қосылуы тиіс. Бұл дегеніміз – іс жүзінде тағы бір ұлттық энергия жүйесін нөлден бастап құрумен тең.
Бұл ойды Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан стратегиялық пікірімен ұштастырып көрейік. Онда энергетика мәселесіне тұтас бір тарау арналып, ол цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту аспектілерімен тығыз байланыстырылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарын кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл тәсілдерін қайта қарауға, бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға шақырды.
Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.