АҚШ-тың Echodyne компаниясы соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтауға және оларды жоюға арналған жоғары тиімді радиолокациялық жүйелердің өндіріс көлемін арттырып жатыр. Бұл туралы Defense One басылымы хабарлады.
АҚШ-тың Atlas V зымыраны бейсенбі күні Amazon компаниясының орбиталық спутниктік топтамасына арналған 29 интернет спутнигін орбитаға сәтті шығарды. Бұл туралы зымыран тасығышты әзірлеген United Launch Alliance (ULA) компаниясы хабарлады.
Еуропалық одақ Арменияға қатысты автономды сауда шараларын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл шамамен армян экспортының 80 пайызын ырықтандыруға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.
1 шілдеден бастап Қазақстанда жалға берілетін электр самокаттарын пайдалану қағидаларына енгізілген жаңа талаптар күшіне енді. Енді жалға берілетін әрбір электр самокатына мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі. Бұл бейнебақылау камералары арқылы Жол қозғалысы қағидаларының бұзылуын тіркеп, құқық бұзушылық жасалған самокатты анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның фармацевтика саласы экспорт көлемі бойынша жаңа межеге шықты. Бұл көрсеткіш отандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға біртіндеп орнығып, кем дегенде посткеңестік кеңістікте бәсекеге қабілетті өнім ұсына алатынын аңғартады.
Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырыста «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер жөніндегі ерекше міндеттемелер тізбесіне енгізілетін өзгерістерді ратификациялау туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады.
Қазақстан ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржыны жалпы ішкі өнімнің 1%-ына дейін арттырып, бизнестің университеттердегі зерттеулерге инвестиция салуына ынталандыратын тетіктер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Германияға сапар аясында жалпы сомасы шамамен $2 млрд болатын 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалицияның Ирактағы «Ислам мемлекеті» (ИМ, РФ аумағында тыйым салынған) террористік тобына қарсы он жылдан астам уақытқа созылған миссиясы сәрсенбі күні аяқталады, деп хабарлады «Әл-Арабия».