Қазақстандағы орта білім беру саласына қатысты жүргізілген жаңа әлеуметтік сауалнама қызықты нәтижелер көрсеткен. Респонденттердің басым бөлігі білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе ретінде жемқорлықты (31,5%) және мұғалімдердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігін (30,8%) атаған.
Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы елшіліктер мен екі мемлекеттің елшілеріне арналған резиденциялар қажеттілігі үшін Астана және Бішкек қалаларындағы ғимараттар мен жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран порттарына қатысты енгізілген америкалық теңіз блокадасы толық бақылауда екенін және Вашингтонның рұқсатынсыз ешбір кеме одан өте алмайтынын мәлімдеді.
АҚШ пен Иран арасындағы диалогқа делдалдық жасап жүрген Қатар делегациясы сәрсенбі күні таңертең Тегеранға сапарын бастады. Сапардың мақсаты – Иран билігімен келіссөздер өткізіп, Вашингтон мен Тегеран арасындағы ықтимал келісімге кедергі болып отырған келіспеушіліктерді еңсеру жолдарын талқылау. Бұл туралы CNN телеарнасы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Еуропада АҚШ-тың одақтас ретіндегі рөліне қатысты күмән күшейіп келеді. Бұл туралы Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропалық кеңес сараптамалық орталығы жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетіп отыр. Зерттеу қорытындыларының үзінділерін The Guardian басылымы жариялады.
Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түркия кіретін Мекке қорғаныс келісімінің Стратегиялық саяси және қорғаныс комитеті жақын арада Эр-Риядта өңірдегі ахуалды талқылау үшін отырыс өткізеді. Бұл туралы Пәкістан премьер-министрінің орынбасары әрі сыртқы істер министрі Исхақ Дар мәлімдеді.
Париж АҚШ-тың осыған ұқсас үндеуінен кейін Еуропалық одақ елдеріне стратегиялық резервтен 50 млн баррель дизель отыны мен 50 млн баррель мұнай шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Politico дереккөздерге сүйеніп.
Еуропалық комиссия (ЕК) жұма күні Украинаның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және реформаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін Ukraine Facility бағдарламасы аясында 2,9 млрд еуро бөлетінін хабарлады.
Хуситтер Йеменнің оңтүстік-батысындағы стратегиялық маңызы бар Таиз қаласына қарай ілгерілеуге әрекет жасап жатыр. Оларға Йемен үкіметін қолдайтын күштер қарсылық көрсетуде, деп хабарлайды жұма күні The National.