Жапонияның сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги сейсенбі күні Қытай тарапының Тайвань мәселесіне қатысты Жапония премьері Санаэ Такаитидің пікірлерінен кейін қабылдаған шараларын сынға алды.
Қазақстан бұл жолы өзін өзі мақтап отырған жоқ – ОЭСР елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың есеп үшін емес, шынайы институционалдық жетілуге бағытталғанын ресми түрде мойындады. Бұл – еліміздің ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ үшін де маңызды қадам.
Орталық және Батыс Азия өңіріндегі мұздықтардың жедел еруі мен су ресурстарының тапшылығы аясында Қазақстанды қоса алғанда, тоғыз ел қамтылған «Мұздықтан фермаға дейін» (G2F) бағдарламасының жеделдел жүзеге асырылуы экологиялық және экономикалық қауіптердің алдын алу үшін маңызды қадам саналады.
Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны азаймай отыр. Eurasia24 жүргізген талдауға сәйкес, 2025 жылғы 1 қарашаға дейін бұл төлемді алған азаматтардың саны 308,4 мың адамға жеткен.
Финляндия Президенті Александр Стубб Еуропалық одақ желтоқсан айына жоспарланған саммитке дейін Украинаға қаржылай көмекті жалғастыру мәселесін шешеді деп үміт білдірді.
Paramount Skydance Corp. Warner Bros. Discovery (WBD) компаниясын сатып алу мәмілесіне Таяу Шығыстағы үш мемлекеттік әл-ауқат қорының қатысуы жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
Сауд Арабиясының жекеменшік мұнайдан тыс секторындағы іскерлік белсенділік наурыз айында әлсіреді. Сатып алу менеджерлері индексі (PMI) 2020 жылғы тамыздан бері алғаш рет 50 межесінен төмен түсіп, жағдайдың нашарлағанын көрсетті.
Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымының (ОАЭИ) басшысы Мохаммад Эслами МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гроссиге жолдаған хатында агенттіктің «Бушер» атом электр станциясына жасалған соққыларды айыптамауы АҚШ пен Израильді мұндай әрекеттерді жалғастыруға итермелеуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұған дейін біз Ресей Президенті Путиннің мамыр айында Қазақстанға жоспарланған сапары және екі елдің интеграциясын тереңдетудегі электр энергетикасы саласының рөлі туралы айтқан болатынбыз. Осы орайда мынадай мән-жайды атап өткен жөн: 2023 жылы Ресей басшысының Қазақстанға сапары барысында үш жаңа ЖЭО салу туралы шешім қабылданған еді. Алайда кейінірек қаржыландырудың жоқтығына байланысты Ресейдің бұл жобалардан шығатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Үкімет Көкшетау ЖЭО-сын өз күшімен салатынын мәлімдеді. Дегенмен, жобалық құжаттаманы әзірлеуге ішкі ресурс жеткілікті болғанымен, құрылысты толық қаржыландыру мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де күрделі күйінде қалып отыр.