Африка елдеріндегі Эбола безгегінің өршуі осы уақытқа дейін инфекция жұқтыруы мүмкін 500-ден астам жағдайға және осы дерттен қайтыс болды деп болжанған 130 өлім дерегіне әкеп соқты.
Таиланд Ресейді қоса алғанда, 90-нан астам елдің туристері үшін визасыз режим мерзімін екі есе қысқартады. Мұндай шешім сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында қабылданды.
Қазіргі уақытта хантавирустың кеңінен таралу белгілері байқалмайды, алайда жағдай өзгеруі мүмкін, сондықтан мониторингті жалғастыру қажет. Бұл туралы сейсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.
Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану шектері 79 пайызға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Бұл әсіресе қаражатты тұрғын үйге немесе емделуге пайдалануды жоспарлаған азаматтардың наразылығын тудыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясының Иркутск облысында аса қауіпті инфекцияға күдік туғызған жағдай туралы ақпаратқа байланысты ахуалды бақылап отыр. Қазақстанда жағдай тұрақты бақылауда, алдын алу шаралары қабылданды.
Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру мен еңбек өнімділігінің өсуін қолдауға 75 млн АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады. «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.Бұл жоба осы әлеуетті еңбек өнімділігін арттыруға негізделген экономикалық өсімге айналдыруға көмектеседі. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді қолдау, жоғары білікті жұмыс орындарын ашу және елдің технологиялық секторына қосымша жеке инвестиция тарту көзделіп отыр7
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.