Евразия24ЖаңалықтарТаиланд туристер үшін визасыз келу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады

Таиланд туристер үшін визасыз келу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады

|

|

Мәскеу. 19 мамыр. ИНТЕРФАКС – Таиланд Ресейді қоса алғанда, 90-нан астам елдің туристері үшін визасыз режим мерзімін екі есе қысқартады. Мұндай шешім сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында қабылданды.

«Туризм және спорт министрі Сурасак Пханчароенворакул сейсенбідегі Министрлер кабинетінің отырысында 90-нан астам елдің азаматтары үшін 60 күндік визасыз бағдарламаның күшін жою туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Келесі қадам – бұл шара туралы барлық тиісті ведомстволарды хабардар ету», — деп хабарлайды «The Nation» порталы.

Басылымның нақтылауынша, 60 күндік визасыз бағдарламасы тоқтатылатын елдердің барлығы осы жеңілдік енгізілгенге дейінгі келу режиміне қайта көшеді. Олардың көпшілігі үшін, соның ішінде Ресей үшін де бұл – 30 күндік визасыз режим. Ал кейбір елдер үшін визасыз келу мерзімі қысқа мерзімді туризм талаптарына сәйкес келу мақсатында 15 күнге дейін қысқартылуы мүмкін.

«Бұдан былай біз тек туристер санына ғана басымдық бермейміз. Негізгі екпін келу процесін жеңілдетіп, ағымды арттыруға емес, туристердің сапасына жасалуы тиіс. Премьер-министр қауіпсіздікті арттыру және жалпы шетелдік туризмді жақсарту мақсатында виза беру мәселесін мұқият пысықтауды тапсырды», — деді Премьер-министр.

Елге келетін туристер ағынын ынталандыру үшін 60 күндік визасыз жүру мерзімі 2024 жылы енгізілген болатын. Оның күшін жоюға себеп болған факторлардың қатарында Таиландқа визасыз режим аясында туристік емес мақсатпен келетін шетелдіктер санының артуы бар. Сондай-ақ танымал курорттық аймақтардағы жылжымайтын мүлікті Таиланд азаматтары болып табылатын жалған сатып алушылар арқылы шетелдіктерге сату жағдайларының жиілеуі де әсер еткен.

Бұған қоса, Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, саяхатшылардың басым бөлігі Таиландта 60 күннен аз уақыт болады.

«Министрліктің статистикасы көрсеткендей, Таиландқа келетін шетелдік туристердің көбі елде орташа есеппен тоғыз күн ғана аялдайды. Соныдықтан визасыз режимді 30 күнге дейін қысқарту шетелдік туристер ағынына елеулі әсер етпейді деп есептеледі», — деп жазады басылым.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ доллары негізгі валюталарға қатысты тұрақты саудаланып жатыр

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенаға қатысты америкалық валюта аздап қымбаттады.

Еуропада жазғы ыстықтан 35 мыңнан астам адам қайтыс болды

Биыл жазда Еуропаны жайлаған қалыптан тыс ыстық салдарынан әдеттегі көрсеткіштен кемінде 35 мыңға артық өлім тіркелді. Бұл туралы сейсенбі күні The Guardian хабарлады.

Азияның қор нарықтарындағы индекстердің басым бөлігі өсті

Сейсенбі күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ірі елдердің қор индекстері негізінен өсім көрсетті.

Трамп Канададағы француз тіліне қарсы ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Оттаваның мәлімдемелерін жоққа шығарып, Канадада француз тілінің қолданылуына қарсы емес екенін айтты. Француз тілі ағылшын тілімен қатар Канададағы ресми тілдердің бірі саналады.