Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесі дүйсенбі күні Ормуз бұғазына қатысты мәселелермен айналысатын арнайы орган құру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойындағы жүк тасымалы көлемінің артуына байланысты контрабанда мен есірткі трафигі қаупі күшейіп отырғанын мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Қытайдың құқық қорғау органдарын ақпараттық технологиялар саласындағы қылмысқа қарсы күрес әдістерін жетілдіруге шақырды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» форматына қатысушы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерімен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмыс пен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қазақстан Үкіметі экономиканың жыл сайынғы тұрақты өсімін 5-6% деңгейінде қамтамасыз етіп, 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнім көлемін 450 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр.
Энергия ресурстары бағасының жоғары деңгейде сақталуы, мемлекеттік қарыздың рекордтық көлемге жетуі және жасанды интеллект саласына инвестицияның күрт артуы әлем экономикасына қосымша тәуекел туғызып отыр.
Оңтүстік Кореяның мемлекеттік Korea Development Bank (KDB) банкі шетелдегі активтерін қайта қарау аясында Өзбекстандағы еншілес банкі – UzDaewoo Bank-ті сату мүмкіндігін қарастырып жатыр.
HSBC Holdings Plc ауқатты клиенттерге қызмет көрсету саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында Ұлыбританиядағы жеке капиталды басқару бөлімінде ауқымды қысқарту жүргізуді жоспарлап отыр.
Қазақстанда отын-энергетика кешені нысандарын ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғауды күшейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, нысандарды физикалық қорғау шаралары ұшқышсыз аппараттарды анықтау және олардың жұмысын тоқтатуды да қамтиды